Адель Грэмми марапатынан жылап тұрып бас тартты

Адель Грэмми марапатынан жылап тұрып бас тартты
Фото: www.lifehack.org

Өнер саласындағы еңбегі үшін берілетін марапаттардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі – Грэмми.

Оның биылғы церемониясы көпшілік жадында ұзақ сақталары анық. Өйткені, белгілі британиялық әнші Адель жылап тұрып Грэмми марапатынан бас тартты. Ол "Үздік альбом" номинациясындағы марапатына өзінен гөрі, көпшілік сүйіп тыңдайтын Бейонсе лайық деп есептейді екен (осы жолы марапатқа поп жұлдыздың Lemonade альбомы ұсынылды).

Адель: “Рахмет. Барлығыңызға сәлем. Бар жүрегіммен алғыс білдіремін. Осыдан бес жыл бұрын дәл осы сахнада тұрғанда – менің қуанышымда шек болмады. Кейін өзімнің ана болатынымды естіп, Тәңірдің белгісі деп қабылдадым. Менің ең үлкен жетістігім де осы. Бірақ, менің жетістіктерім бүгінгі марапатпен шектелмек.

Өйткені, мен бұл марапатты қабылдай алмаймын. Алғысым шексіз. Менің ойымша бұған лайықты адам — Бейонсе, үздік альбом — Lemonade, оған ештеңе жетпейді. Онда Бейонсе бұрын соңды біз көрмеген қырынан танылған. Біз оны бағалаймыз. Сен – біздің сәулеміз, шуағымызсың” – деді залда отырған Бейонсеге қарап.

Мұндай мойындаудан кейін Бейонсе де көзіне жас алды.

А. Оралқызы