Қытайда Димаштың қолтаңбасы қойылған қағаз мың теңгеге сатылып жатыр

Қытайда Димаштың қолтаңбасы қойылған қағаз мың теңгеге сатылып жатыр
Фото: taobao.com

Қытайдың сауда дүкендерін Димаштың суреттері бейнеленген заттар жаулап алды. Қытайлық Тaobao.com интернет-дүкенінде Димаштың суреті бейнеленген алқа-моншақ, білезік, сағат, күнтізбе секілді әртүрлі бұйым сатылуда. Олардың бағасы да әртүрлі. Ең қымбаты 380 юаньға (18 мың теңге) бағаланған. 

Димаштың қолтаңбасы қойылған қағаз – 3,68 доллар (1000 теңге). 

Ал мына алқа – 2,65 доллар (700 теңге).

Мына бұйымның бағасы – 4.24 доллар (1300 теңге).

Димаштың суреті бейнеленген жастықты 3,36 долларға (1000 теңге) алуға болады. 

Мына сағаттың құны – 2,77 доллар (700 теңге).

Мына сағат та 2,21 долларға (шамамен 700 теңге) бағаланған. 

Ал мына қолсағат 5,15 доллар (1700 теңге) тұрады. 

Сатылымға шыққан бұйымдар арасында Димаштыкіндей күртеше мен сөмке бар. Мысалы, мына сөмкенің бағасы – 5 доллар (1700 теңге).

Білезік 1,3 доллар (330 теңге) тұрады. 

Димаш сахнаға шыққанда таққан сақина 6,63 доллар (2 мың теңге).

 Айтып өткеніміздей, Димаштың қолтаңбасы қойылған қағаздар 25 юаньға (шамамен 1000 теңге) бағаланған. 

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергенов ертең 3-кезеңде әйгілі Queen тобының "Show most go on" әнін орындайды. 

Ж. Жұмағұлов