Оқи отырыңыз

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста

— Редактор бағаны —

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Автор: Еркебұлан Қайрахан

Статус: Massaget.kz жобасының менеджері

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Әлия" - қазақ қызының қайсарлығын көрсеткен ән

"Әлия" - қазақ қызының қайсарлығын көрсеткен ән

Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944) рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні еді.

«Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ».


Дайын ән жас әнші Нағима Есқалиеваға ұсынылады. Алайда, ән кеңінен сол кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның орындауында танылды. 1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында ән шырқалып, бірінші орынды иеленді. Мәскеуліктер «Әлия» әнін «Ең үздік жыл әні» деп бағалап, марапаттаған болатын. «Әлия» әні арқылы жас әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналып, өнер көгінде кеңінен қанат қағуына жол ашты. Сондай-ақ, «Әлия» әні көпшілікке сазгер Сейдолла Бәйтерековты де таныстырды. Себебі, сол кезде сазгер есімі елге таңсық, аса танылмаған екен.

«Әлия» әні көптеген жас әншілердің ән қоржынынан табылғанменен, халық жадында ол халық әртісі Роза Рымбаеваның мәңгі қалатыны сөзсіз. Ән патриоттық рух пен ұлттық құндылықты оятады. Тарихқа тағзым, ерлікті ұлықтайтын әсем ән. «Әлия» әні халық қазынасына айналған, орны ерекше шығарма болып қала бермек.

Әлия

Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: azattyq.org, kk.wikipedia.org


12598 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 10:09
Тегтер: Әлия Молдағұлова, Әлия әні, Сейдолла Бәйтереков, Роза Рымбаева, ән, тарих, арнау
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Жанымда боласың ба?"

Теңізден салқын леп келіп тұрды... Күн батып барады. Қала қызыл түске боялғандай....

The good ending competition (қорытынды)
The good ending competition (қорытынды)

Біз дегенімізге жеттік!!!

Қамажайым (Байқау. Арнайы тапсырма)
Қамажайым (Байқау. Арнайы тапсырма)

Қамажай биі Египет биі Қытай халық биі


Соңғы аудармалар

Мұрагерлер/ Наследники/ The Heirs / Inheritors (7-бөлім)
Мұрагерлер/ Наследники/ The Heirs / Inheritors (7-бөлім)

Ел: Оңтүстік Корея Жанр: мелодрама, комедия Жыл: 2013 Режиссер: Кан Шин Хё Рөлдерде: Ли Мин Хо, Пак Син Хе, Ким Ву Бин, Ким Тэ Хо, Кан Ха Ныль, Вон-Ён Чхве, Сон Ха Юн, Ким Сон Рён, т.б. Аударма:...

Davichi - You Are My Everything [kaz_sub]
Davichi - You Are My Everything [kaz_sub]

Davichi — Ли Хэри мен Кан Минкён атты әншілерден құралған оңтүстік кореялық дуэт. Дуэтті 2008 жылы Mnet Media агенттігі құрған. Топтың елге кең тараған танымал...

PSY – Әке [қазақша субтитрмен]
PSY – Әке [қазақша субтитрмен]

Оңтүстік кореялық әнші PSY (Пак Чэ Сан) әлемге «Gangnam Style» арқылы танылды. Содан бері әнсүйер халық PSY-дың шығармашылығын қалт жібермейді. Оңтүстік Кореядан...