Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Алматыда "Оркестрлер шеруі" басталды

Алматыда "Оркестрлер шеруі" басталды

Алматыда

6 қыркүйек күні Алматыда басталған үшінші "Оркестрлер шеруі" фестиваліне 2000-ға жуық адам жиналды. Айта кетерлігі осы жылғы ұйымдастырушылар шараны ақылы қылуды шешіпті. Олардың айтуынша, жиылған қаражат келесі жылғы фестивальдерді ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалатын болады.

Осылайша Алматы тұрғындары мен қонақтары 3 күн бойы классикалық музыкаға шомып, рухани ләззат ала алады. Шараның басты қонағы "алтын дауыстың" иесі итальяндық әнші Алессандро Сафина.

ва

Фестивальдің жас көрермені

Фестиваль ұйымдастырушысы Марат Омаровтың айтуынша, "Оркестрлер шеруі" оңтүстік астананың бет бейнесіне айналатын болады. Айта кетелік, шараның ашылуы кезінде қазақ халқының музыкасын тыңдауға ниет білдіріп келген шет ел туристері де көп болды.

"Фестивальдің басты мақсаты классикалық музыканы жастар арасында кеңінен насихаттау. Осы себепті біз жыл сайын әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды шақырып отыратын боламыз. Айтпақшы, кешті ыңғайланып отырып көргісі келген кез келген жан 1000 теңгеге билет сатып алып, дайындалған арнайы орындарға отырып тамашалай алады. Концертті тұрып тамашалағысы келген тыңдармандардан ешқандай төлем талап етілмейді. Осы қадам арқылы біз арнайы қор ашып, жиылған қаржыны сонда жинауды мақсат тұтамыз. Көрермендерден түскен ақша келесі жылдардағы шығынға жұмсалатын болады", - деп сұхбат берді Марат Омаров.

ва

Халық концертті ерекше ықыласпен тамашалауда

Концертті қазақ халқының "алтын дауысы" Бибігүл Төлегенова мен "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі ашты. Содан соң MEZZO квартеті, опералық әнші Альфия Каримова, итальяндық жас әнші Сон Паскаль бірінен соң бірі өнер көрсетті.

в

Massaget.kz ұжымы да шарадан қалыс қалған жоқ

Бибігүл Төлегеновадан соң, сахнаға қала әкімі Ахметжан Есімов көтерілді. Ол жиылған жұртты қала күнімен құттықтай отырып, алдағы уақытта бұл фестивальден бөлек басқа да қызықты шаралар өтетіндігін айтты.

Айта кетелік, соңғы кеште рок сүйер қауым сахнадан әлемдік рок-н-рол шеберлерінің өнерін тамашалайтын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Фото ©Сания Аринова

1339 4
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 07 қыркүйек 2012, 12:25
Пікірлер
+0
07 қыркүйек 2012, 13:36

Күштіііііі

+0
07 қыркүйек 2012, 13:40

кереметттт

+0
07 қыркүйек 2012, 14:08

барғым келіп кеткені )

+0
07 қыркүйек 2012, 14:19

Тамаша өтті, бүгін ертең баратын мүмкіндіктеріңіз бар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...