Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Рэп жанрының тарихы

Рэп жанрының тарихы

Рэп жанрының тарихы

Кез келген музыка жанрының өз тарихы бары рас. Рэп те – өнер, рэп те – музыка жанры. Ендеше, бүгін біз сіздерге рэп тарихы жөнінде мәлімет бермекпіз.

«Рэп» сөзі ағылшынша rap – "тарсыл", "дыбыс" деген сөздерді білдіреді. To rap  "айту" және "әңгімелеу" деген сөз.

Рэп сөзі «Rhythm and Poetry» (ырғақ және поэзия), Rhytmic African Poetry» (ырғақты африкалық поэзия) немесе «Radical American Poetry» (радикалдық америкалық поэзия) деген тіркестерден қысқартылып алынған. Бір кездері рэп ағылшын тілінде rapping, rapper деп біртүбірлі сөздерде қолданыла берген.

Рэп тарихы 70 жылдардан бастау алады. Алғашында ауызбен-ауыз айтылатын бұл өнер түрі жай ғана қарапайым шумақтардан ғана құралатын. Оны ең алғаш Бронкстегі ямайкалық диджейлер орындады. Құлағына сіңіріп алған негр ұлтындағы радио тыңдармандар осындай шумақтарды ести сала іліп әкетеді де, өз аудиторияларына аздаған өзгерістермен тарата бастайды. Алғашында стилін, содан соң шумақтарын өзгертіп, шамалары келгенше,  рэпті жандандыра түседі.

 

Тарихта алғаш рэп орныдаушысы деп Джек Гибсонды атай аламыз. Радиода жүргізуші болып қызмет атқарып жүрген ол рэп айта бастағаннан бастап, ел арасында Джек-Рэпер аталып кетті. Кейіннен бұл жанр көшеге шыға бастады. Осы үрдіс қазірдің өзінде қаз-қалпында сақталған.

80 жылдары бұл музыка жанрына сипаттама жасау үшін «хип-хоп» термині қолданылды. Сол арқылы рэптің өз тарихы мен мәдениеті де қалыптаса бастады.

Онымен қоса, R’n’B (ырғақ және блюз) жанрының осы рэптің әсерінде дүниеге келгені тағы бар.

90 жылдары рэп жанры үшін жұлдызды шақтар болады. Өйткені сол жылдары осы өнер түрі барша әлемге танылып, музыка саласында өзіндік статусқа ие бола бастады.

Әлемді жайлаған өнер түрі көбіне жас өнерсүйер жандарды қызықтырды. Әлемге аты жайылған рэп қазақ елін де айналып өте алмады. Біздің елімізге келгеніне көп болмаса да, қазақ жастарының сүйікті музыка түріне айналды. Құрамындағы өлең шумақтары аса күрделі емес рэп әндер халық арасында тез жатталды. Арамызда ырғақ пен ритмді сақтап, жыр шумақтарымен көңіл хошын келтіріп жүрген жастар аз емес. Қазақтың да мәдениетіне еніп үлгерген рэптің тарихы, міне, осы...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: newrockpromo.com, rd.kg, rap.ru

4758 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 тамыз 2012, 14:06
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 14:56

Рэперлер неге шынжырларға оранып алады, соны айтыңыздаршы :mrgreen:

+0
31 тамыз 2012, 15:03

7292 Актау респект :)

+0
31 тамыз 2012, 15:11

маған "қазақша стиль" деген ән ұнайды "қазақтардың мінездері как электрошок"

+0
31 тамыз 2012, 15:22

"орыстардың жаргонын көп айтпаңдар, бірақ керек кезде айтып қал" деген ба? :? агрессияға толы туынды. жақсы мес 8-)

+0
31 тамыз 2012, 15:29

күшті емес пе, арасында қосылып "Ёу, Ёу, Ёу" деп қоямын)))))))

+0
31 тамыз 2012, 15:52

7172 Астана респект 8-)

+0
02 қыркүйек 2012, 13:24

ДМХ дұрыс әңгіме айтпайды, Жақау, Джихад, Тарланды тыңдап көр

+0
02 қыркүйек 2012, 18:38

Жақау күшті ғой

+0
02 қыркүйек 2012, 20:04

Шоханның рептері керемет!

+0
17 қараша 2014, 22:50

ANTRAX urgrade Proxy bagi se7en Shymside

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...