Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "ВКонтакте" әнші МакSим-ге 6,5 мың доллар айыппұл төлейді

"ВКонтакте" әнші МакSим-ге 6,5 мың доллар айыппұл төлейді

"ВКонтакте" әнші МакSим мен "Инфинити" тобының әнін автордың рұқсатынсыз жариялағаны үшін 210 мың рубль (6,5 мың доллар) айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Росбалт" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Бұл Ресейдегі Солтүстік-Батыс округының арбитражды сотының шешімі. Әлеуметтік желі өкілдері соттың бұл шешіміне қарсылықтарын білдіріп, аппеляция берген болатын. Әйтсе де олардың өтініштері қабыл болған жоқ. Әншінің құқығын қорғаушы "Гала Рекордс" компаниясы өз кезегінде желі басшылығы күмәнді аудио жазбаларға шектеу қою шарасын өз дәрежесінде жүргізбеген деген айыппен сотқа арыз берген болатын. Арыз берушінің айтуынша, желідегі іздеу параметрлерін өзгерту арқылы әншінің кейбір композицияларының фонограммасын да табуға болатындығын айтып, қапа болды.

Айта кетелік, айыптаушы тарап бастапқыда компаниядан 17 әннің рұқсатыз жүктелгендігі үшін 1,15 миллион рубль (36 мың доллар) төлеуді талап еткен болатын. "Гала Рекордс"-тың таратқан ақпараты бойынша, сот кезінде "ВКонтакте" басшылығы барлық айыпты желі қолданушыларына жабуға тырысып баққан. Дегенмен сот айып тағушы тараптың жағына шығып, әлеуметтік желіні 210 мың рубль айыппұл төлеуге міндеттеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ru.tsn.ua

1703 2
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 14 тамыз 2012, 18:32
Пікірлер
+0
14 тамыз 2012, 19:47

Бағасы екі миллиард доллар тұратын компанияның мойнына сұмдық ауыр айыппұлды іліп беріпті ғой^__^ Дуров ондай ақшаны қалтасындағы әмиянынан-ақ шығарып бере сала алады. Бірақ "прецедент" деген сөз бар емес пе? Соттың мұндай шешімінен соң әлеуметтік желілер қолданушыларын қыса бастайтындықтарында күмән жоқ. Бұрынғыдай "я - не я, фалйА не моя" деген отмазкалары өтпейтін болды. Заңның "қықық, құқық " деген қақыры қолданушылардың бетіне былш етпесіне кім кепіл...

+0
14 тамыз 2012, 20:52

ал біреулер әндерін Вконтактеге тарата алмай жүр :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...