The Spirit of Tengri халықаралық WOMEX 2015 фестиваліне қатысады

The Spirit of Tengri халықаралық WOMEX 2015 фестиваліне қатысады
Фото: massaget.kz

Тенгри ФМ радиосы The Spirit of Tengri жобасымен WOMEX 2015 жобасына қатысады. Бұл — әлемдік музыка индустириясындағы халықаралық платформада таныстырылғалы отырған қазақстандық алғашқы жоба. Жоба дәстүрге, ұлттық және этникалық музыкаға негізделген.

21-25 қазан аралығында өтетін WOMEX 2015 фестиваліне әлем бойынша 60 музыкалық топ қатысады. The Spirit of Tengri фестиваліне қатысушылардың бірі Радик Тюлюш WOMEX 2015 концертіне де қатысқан болатын. Tengri FM радиостанциясының және Ethnoworld жанрындағы орындаушылардың бірігуімен The Spirit of Tengri фестивалі әлемдік аренада таныстырылады.

Айта кетейік, этникалық музыка фестивалі үш жыл қатарынан өткізілді. 2015 жылдың маусымында өткен концертке 11 елдің музыканттары қатысты. Сахнаға  Эстониядан келген TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық музыканттардан құрылған Hanggai тобы, Венгриядан Тилла Торок және Hold Viola сияқты жаңа топтар шықты. 

Халықаралық фестивальде фольк, джаз әуендерінің ерекше үйлесімі көрсетіледі. Ерекше орындаушыларға WOMEX Award жүлдесі тапсырылады. Музыкалық шара аясында кино көрсету де жоспарланып отыр. Үш күн ішінде 19 елдің 15 музыкалық документалды фильмі көрсетіледі.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін