Қазақстандық әнші Луина түрік еліндегі шоудың келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық әнші Луина түрік еліндегі шоудың келесі кезеңіне өтті
Фото: vesti.kz

Түрік еліндегі «Rising Star» шоуында жастар арасында тез танылған Луина бағын сынап, жоғары көрсеткішке ие болды.

Бірнеше сағат бұрын Луина инстаграм парақшасында «Rising Star» шоуындағы кезекті турдан аман өтіп, төрт қазыдан бірдей келісімін алып, келесі кезеңге жолдама алғанын хабарлады.

Luina Alicia Keys атты әншінің "New York" композициясын орындады. Луинаның бұл әнді айтуға диапазоны бар болғандықтан, төрт қазыны бірдей өзіне қайта қарата алды.

Қазылар Луинаның ән салу мәнерін мақтап, құттықтады. Соңғы болып тұтқаны басқан қазы әншіден "Үнемі жолыңыз болады ма?" деп сұрады. Луинаны қолдауға келген қазақстандық достары да микрофон алып, қазыларға өзін таныстырып, рақметін айтып жатты.

Luina жақында "Қалайша" әніне қазақ және орыс тілінде бейнебаян түсірді. Сондай-ақ жаңа "Айтшы" әніне бейнебаян түсіріп те үлгерді. Алдағы уақытта Луина өзін продюсер ретінде байқап көруді жоспарлап отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Луина Түркиядағы музыкалық шоуға қатысып, бағын сынап жүр. Отандық әртістерді қолдайық, ағайын!

Ф. Абилова