Индира Расылханның әнін кім ұрлады?

Индира Расылханның әнін кім ұрлады?
Фото: plus.google.com

Халыққа біраз танымал болған Индира Расылхан атты әнші бірнеше сағат бұрын өзінің инстаграм парақшасында жас әнші Жанар Даукееваны өзінің әнін ұрлағаны үшін айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше сағат бұрын Индира Расылхан өзінің парақшасында әнінің ұрланғанын хабарлады. "Менің осы әнімнің менің рұқсатымсыз айтып жүргенін бүгін естіп, өзім аң-таңмын! Сонда бізде әншінің қадірі қайда қалды деген ой қатты мазалап отыр. Айтылып қойған әннің арқасында танымал болғысы келіп жүрген - @zhanar_daukeeva. Ар жағын өздеріңіз саралаңыздар!" - деп ренішін білдірді Индира.

Бұл наразылықты танымал әнші Алтынай Жорабаева өз парақшасына "репост" жасап, қолдады. Бұдан кейін "ән ұрлаған" Жанар Даукеева өз парақшасында Индираға жауап қайтарды.

"Сабыр түбі сары алтын" демекші үндемедім.... Бірақ қояр емес... "Қоштасу" әнінің авторы: Бауыржан Өскенбеков. Мен орындаушымын, маған сатып алынып берілген ән. Индира Расылхан бүгін бәрін таң қалдырды. Жанар Даукеева менің әнімді ұрлап алыпты деп бәріне жария етті. Не үшін олай жасағанын түсінбедім. Кеше ғана екеуіміз телефонмен сөйлестік, нөмірімді жақсы біледі. Шын мәнінде ұрласам, неге өзіме айтпайды хабарласып, неге халықты алдап, мені балағаттайды елдің алдында?! Әлде мені жас әнші деп басынғандары ма?! Бұл әннің өз иесі бар, Индираның әні емес, оны өзі жақсы біліп тұр.  Соған қарамастан мен "неге халықты шулатып жатсыз, жазғандарынызды өшіріп, өз ара шешейік" деп өзім хабарластым. Оған көнбеді. Соған қарағанда өз ойым Индираға пияр керек болған шығар? Әнді мен аларда "Басында Индираға бергенбіз бірақ ол мұрынға салып дұрыс орындай алмады, ән ешқайда таратылған жоқ, сен айт"  деп берілген. Менің айту мәнерім бәрінің көңілінен шыққан соң әннің иесі маған берді. Индира Расылханның еш қатысы жоқ бұл әнге, эфирде айтуына да рұқсат жоқ... Неге мен әншіден рұқсат сұрауым керек?! Мен олардың бұндай былықтарына араласпаймын, барлықтарыныздан мазалағаны үшін кешірім сұраймын!" деп Жанар өзіне қарсы шапқан жауды қайтарды.

Оқырмандарының композитордан көрген кінәсін Индира: "Бұл әнді ұнаттым және сатып алдым. Композитордың кінәсі жоқ бұл жерде" деп түсіндірді. Жанар Индираға "Индира, всё жетерлік, өтіріктеріңе тойдым! Хабарласқан, сөйлескен уақытыма дейін сақталып тұр. Сал десең қазір скринмен саламын. Елді олай алдамағын "звандағаны жалған" деп. Надо будет всё раскрою и вообще вам запрещу петь мою песню (керек болса бәрінің басын ашып, сізге менің әнімді орындауға мүлде тыйым саламын)" деп ашумен жауап қайырды.

Жанар Даукеева - қазақ эстрадасының жас талантты әншілерінің бірі. Оның орындауындағы "Аяла", "Сен келерсің", т.б. әндері өз тыңдармандарын тауып, көптің көңілінен шықты. Ал Индира Расылхан бұрыннан көпке танымал әртіс. Оның мұндай әрекеті расымен PR айла ма? Әлде Жанар мен Индира өзара келісіп, пиар жасап отыр ма? Мүмкін екі әнші расында да бір-бірін дұрыс түсінбеген болар.

Ф. Абилова