Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Келем деші" - ана тақырыбына жазылған ән

"Келем деші" - ана тақырыбына жазылған ән

Келем деші, күнім,

Келем деші бүгін.

Шын бақыттың гүлін бер маған.

Келем деші, еркем,

Күндей күліп көркем.

Тым болмаса ертең кел маған

Үміт отын жалғай,

Құс боп қанат талмай, келем деші…

 

Бұл сағынған жанның ғашығына деген назынан туған ән секілді көрінгенімен әуенді ән авторы анаға деген сағыныш негізінде жазған екен. Бауыржан Өскінбаевтың шығармашылығына «құда түсіп»  Ақбота Керімбекова орындамақ болып сұрап алыпты. Әншінің айтуынша әнді композитор Бауыржан Өскінбаев ана тақырыбына жазған. Бірақ әннің әуені мен мәтіні бір-біріне сәйкес келмегендіктен сөзін Ринат Зайытовқа қайта жаздырыпты. Әншінің жаңа альбомы  осы әннің атауымен «Келем деші» деп аталады. Сәтті шыққан туындыға бейнеклип те түсірілген. Қандай тақырыпты көксеп жазса да, ән әлдеқашан тыңдарманын тауып үлгерген. Расында, ән ғашық жанның ішкі сезімін білдірер мәтінге лайықталып жазылғаны жөн болған секілді. Өйткені әннің әр сазы жүрек назымен ұштасып жатқандай. Болмысы лирикаға толы сезіммен  көмкерілгендей.

 

Ақбота Керімбекованың орындауындағы «Келем деші» әні

 

Әні: Бауыржан Өскінбаев

сөзі: Ринат Зайытов

 

Ай боп іздеп күнді,

Таң боп іздеп түнді,

Сағынамын әлдекімді…

Армандаймын аңсап,

Жүрегіммен ән сап,

Жүрсің неге менен алшақ?

 

 Қайырмасы

 

Келем деші, күнім,

Келем деші бүгін.

Шын бақыттың гүлін бер маған.

Келем деші, еркем,

Күндей күліп көркем.

Тым болмаса ертең кел маған

Үміт отын жалғай,

Құс боп қанат талмай, келем деші…

 

Жан сырымды тылсым,

Тек жұлдыздар білсін,

Айтшы, жаным, қайда жүрсің?

Тәтті мұңға батып,

Сені күту – бақыт,

Өтсін, мейлі, қанша уақыт.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: astana-akshamy.kz

3743 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 23 маусым 2012, 14:39
Пікірлер
+0
24 маусым 2012, 15:08

келем деші...

+0
25 маусым 2012, 00:45

:)

+0
25 маусым 2012, 13:44

... тым болмаса ертең кел маған... :(

+0
25 маусым 2012, 14:48

келер... бүгін-ақ келіп қалар...

+0
25 маусым 2012, 16:16

Ай боп іздеп күнді,

Таң боп іздеп түнді,

Сағынамын әлдекімді…

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...