Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Қыз сыны" - ұлттық ажарынан ажырамаған қазақ аруы туралы ән

"Қыз сыны" - ұлттық ажарынан ажырамаған қазақ аруы туралы ән

 Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге

Күмісті шашбау жарасар белге...  Осы әнді естіген сайын қаймағы бұзылмаған қазақ салты мен дәстүрін бойына  жинаған қазақ қызын елестетесіз. «Қыз сыны» деп аталатын бұл ән мәтінің авторы - ақын Құдайберген Қазыбек, ал әуенінің авторы әнші, композитор Марат Омаров.

Әнде суреттелетін қазақ қыздарын  қазіргі кезде ұлттық бояуы мен ажарынан ажыраған арулармен алмастыра алмассың. Қазақ қызына тән сұлулық, ибалылық, сыпайылық бәрі, бәрі осы ән жолдарында баяндалып жатқандай. Ән көмейімізге оралған сайын  қазақы ару қыздың сұлулығы арқылы халқымыздың төл дәстүрі де жаңғырып, жаңаратындай. Халықтың жауhарына айналған асыл туындыны нақышына келтіріп орындаған - әнде баяндалатын арулар секілді ерке апамыз еді. Кімді көксеп отырғанымды біліп отырған боларсыздар. Иә, ол Мәдина Ералиева болатын.

Әннің алғашқы орындаушысы болған Мәдина апамыз «Қыз сыны» әнімен егіз ұғымдай. «Қыз сынын» осы күміс көмей бұлбұлдың даусымен алғаш естіген қазақ жұртының есіне  осы ән айтылғанда еріксіз ерке әнші қыздары түсері тағы бар. Бұл әннің дүниеге келгеніне 15 жылдың көлемі болып қалды. Нағыз қазақы болмысты бойына сіңірген қазақ аруын жырлап, әнге қосу екі ағамыздың ойында жүрген ой екен. Әннің өлеңін ең алғаш жазуды дұрыс санап, Құдайберген Қазыбек ағамыз қазақы аруды көз алдына елестете отырып шабытын шақырған. Өлең дүниеге келген соң  Марат Омаров оған әуен жазуға кірісіпті. Ақырында дүниеге  жаңа ән келіп, халық музыкасының қоржыны тағы бір тамаша туындыға көбейген. Қазақ қызының болмысын көрсететін әннің орындаушысын табу да үлкен сын еді. Сол кезде халықтың бұлбұл дауысты Мәдинасы есіне түсіп Марат Омаров әннің тізгінін соған ұстатады. Өзіне берілген ауыр жүкті түсінген Мәдина апамыз керемет деңгейде орындайды. Халықтың құлағына тез жетіп, аса сұранысқа ие болады. Егемендік алған жылдары қазақ төл дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында түрлі шаралар өтті. Сол шаралардың бірінде, Алматы қаласында өткен бір үлкен концертте «Қыз сыны» Бас жүлдені иеленген. Кейіннен Марат Омаров Францияға барғанда киім көрмесінде осы әннің шырқалып жатқанын естіп қуаныпты. Қазақ қызының нағыз болмысын шетелге танытқан әуен халық этнографиясына да өз үлесін қосқаны айқын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: shymkent.gov.kz, mavlid-konkurs.ucoz.ru, drwares.net

14083 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 маусым 2012, 11:37
Пікірлер
+0
06 шілде 2012, 15:50

күшті ән ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...