Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Ұнатамын мен сені" - нақты бір аруға арналмаған ән

"Ұнатамын мен сені" - нақты бір аруға арналмаған ән

Ұнатамын мен сені, дегенменен, 

Көрмегенді басқадан сенен көрем. 

Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, 

Ғайып болсам, бір күні егер де менТаныс ән бе? Кейбірі көше әні деп ойлап жүрген бұл әннің өз авторы бар. Ән сөзінің авторы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, ал ән авторы – атыраулық белгілі бард әнші Табылды Досымов. Қолына гитарасын алған кез келген орындаушының аузына бірден оралатыны да осы ән болар, сірә.

Дүниеге келгеніне жиырма жылдың көлемі болған бұл ән қазір де жастардың махаббат әнұранына айналғандай. Осы уақытқа шейін үлкеннің де, жастың да аузынан түспей, шырқалып жүрген әннің тарихынан хабарыңыз бар ма? Бұл ән сазгерді шығармашылық шарықтау деңгейіне жеткізгені айдан анық. Ән 1988 жылдың көктемінде өмірге келген көрінеді. Ата-анасының жалғыз ұлы болған Табылды ағамыз әкесінің жаңадан алған үйінің кем-кетігін жөндеу үшін академиялық демалыс алып, Алматыдан ауылға келеді. Қайда жүрсе де, жанынан гитарасын бір елі қалдырмайтын сазгер ауылда құр жатпай, «Ұнатамын мен сені» әнімен қатар, «Қара гүл», «Сәйгүлік» сынды әндерді жазады. «Үйдің ішінде бір шифоньерден басқа ешқандай дүние жоқ, өлең айтсаң, дауысың жаңғырып, әдемі естілетін. Шифоньердің ортасында айна болады ғой, сол айнаның алдында өзіме-өзім қарап отырып, ән айтқанды жақсы көретінмін. Сол кездер мен үшін сәтті уақыт болды» - дейді өз сөзінде Табылды аға.

Наурыз айы туғанда оқуын жалғастыру мақсатында Алматыға қайта оралады да, әнді ең алғаш рет шығармашылық досы Жұматай Жақыпбаевқа орындап береді. Әнді жазбас бұрын Мұқағалидың алты шумақ өлеңінің тек үш шумағын ғана алады да, «ырқыңа» деген сөзді «еркіңе» деп алмастырады. Ән мәтініне аздаған өзгертулер енгізіп, қайырмасын өзі жазғанынан қысылып отырған досына Жұматай аға: «Мұқаң тірі болса, «керемет ән» деген болар еді, айта бер», – депті. Оның сөзін басқа да сол кездегі ақындар қолдап, содан бері ән студенттер арасында тез таралып кеткен. Әннің өзге әндерден ерекшелігі – бұл әннің нақты кейіпкері жоқ. Белгілі аруға деген махаббаттан дүниге келген ән емес, ол тек жап-жас жігіттің жүрек ліпілінен шыққан ән. Әйтсе де, «әннің кейіпкері – мен» деп жүрген бойжеткендер болған көрінеді. Бұл туралы автор «ән ортақ образға жазылғанымен, «маған арналыпты» деген әр қыздың жүрегінде қала бергені дұрыс» дегенді айтады. Кейінірек осы атпен оның ән жинағының тұсауы кесіледі.

 

Ұнатамын мен сені

Сөзі: Мұқағали Мақатаев

Әні: Табылды Досымов

 

Ұнатамын мен сені  дегенменен,
Көрмегенді басқадан сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен.

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Жүрегімнің бөлшегі,

Ұнатамын...

 

Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана еркіңе бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Жүрегімнің бөлшегі,

Ұнатамын...

 

Ұнатамын мен сені  бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.

 

Ұнатамын мен сені,

Арманымдай еңселі,

Жүрегімнің бөлшегі,

Ұнатамын...

 

Қазіргі таңда айтылып жүрген әннің мәтіні осылай. Қазақ эстрадасында Мақпал Жүнісова да  Мұқаңның осы өлеңіне ән жазып, «Мен сені ұнатамын» деген атпен  орындап жүр. Мақпал апамыздың орындауындағы ән мәтіні Мұқаңның  жазғанындай қаз-қалпында, өзгермеген. Жастар арасында ерекше сұранысқа ие бұл әнннің орындауышысы әлі де жоқ емес. Эстрадада ойып тұрып орын алған бұл лирикалық ән қазақ сахнасында әлі де жаңғыра бермек.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 

Суреттер: ru.freepik.com, anatili.kz

12283 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 13 маусым 2012, 17:35
Пікірлер
+0
13 маусым 2012, 15:46

керемет ән!!!!

+0
13 маусым 2012, 15:49

менің бір досым бар ол да Осы Табылдының өлеңдерін айтады. Содан бері осы кісінің әндерін тыңдайтын болдым

+0
13 маусым 2012, 15:50

қонаққа шақырам деп едің ғр :lol:

+0
13 маусым 2012, 15:49

жақсы ән, Самал тобының орындауында да ерекше шығыпиты

+0
13 маусым 2012, 15:50

Әр әнінің тарихы ерекше. "Бақытты билет" әнін КазГУ-ға емтиханға бара жатқанда троллейбуста шығарғанын өз аузынан естіп ем...

+0
13 маусым 2012, 15:53

Күшті ән!

+0
13 маусым 2012, 16:29

жатақхананың алдында біздің сал-серілер үнемі орындайды осы әнді) Қатты ұнайды маған

+0
13 маусым 2012, 23:28

Табылдының Жалған дуние Биіктік дитін өлеңдері жаксы

+0
14 маусым 2012, 13:12

маған "сәйгүлік" әні қатты ұнайды

+0
14 маусым 2012, 13:17

Тәуірбек Бозекенов деген досым бар...сол жігіт Табылдының нағыз нақсүйері

+0
14 маусым 2012, 14:36

Мақпал мен Табыл ағамыздың әнді шығарған жылдары тұспа-тұс келеді ау деймін. Дегенмен,Табыл ағамыздың әні жүректердің төрінде екеніне дауым жоқ.

+0
15 маусым 2012, 12:57

иә, рас айтасыз

+0
15 маусым 2012, 12:59

Тәуірбек әнедерін өте тамаша орныдайды. Соның арқасында таныдым Табылды ағаны , расын айтасам

+0
17 маусым 2012, 18:17

Сәйгүлік әнінің сөзін жазған Маңғыстаулық Светқали Нұржан

+0
18 маусым 2012, 00:11

Светқалидің өлеңдері тамаша... оқыңыздар..есесіне көп нәрсе аласыздар

+0
18 маусым 2012, 16:21

тамаша ақын мен тамаша сазгердің туындысы қалай тамаша болмасын? Оның үстіне оны тамаша жігіт тамаша орындап жүр ғой) ;)

+0
07 шілде 2012, 05:55

Лүпілдеген жүрегімнің қалауымен ән салам,
Мұң шалғанда мені жұбатар алты шекті гитарам.
Қара да тұр арыстандай Табылды ағам секілді,
Ұйықтап кетсем мен де бір күн оянбай қалам. ОЛ РАС...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...