Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз

«Ханнан да қадірлімін туған елге» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз

«Ханнан да қадірлімін туған елге» атты дәстүрлі ән кешіне шақырамыз

3 маусым күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Алаш айнасы» республикалық газеті мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы композиторы, тарлан ақын, жезтаңдай әнші Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ханнан да қадірлімін туған елге» атты концерт өтеді.

Кешке Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Ерлан Төлеутай, Сәуле Жанпейісова, Еркін Нұрханов, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Ерлан Ырысқали, Ерлан Құжиманов, Жасұлан Базарбеков, Талғат Әбуғазы, Самат Исаев, Саят Нұрғазин, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев және тағы басқа өнерпаздар қатысады. Астанадан Үкілі Ыбырайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ақын Кәкімбек Салықов, белгілі әнші Қайрат Байбосынов, Көкшетаудан өнер зерттеушісі, жыршы-жырау, ақын Жұмабай Есекеев кешке арнайы келеді деп күтілуде. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер Сағызбай Қарабалинның сахналауымен Үкілі Ыбырайдың өмірінен қойылымдық көріністер көрсетіліп, сыбызғы мен қобыз, домбыра аспаптарымен күйлер де ойналады. «Гәкку» әнінің шығу тарихынан шағын қойылым қойылып, Үкілі Ыбырайдың өміріне қатысты тың деректер көрермен қауымға ұсынылады. Талғат Абылбеков, Рахымжан Әбішов, Ермек Сапаров есімді суретші-шеберлер «Адырна» атауына байланысты ұлттың қорғаны ретінде садақтың бір бөлшегін, рухани байлық нышанындағы адырна аспабын және жер байлығы ұғымындағы адыр тәрізді элементтерді пайдаланып кештің сахнасын безендіріп отыр. 

2010-шы жылдан бері «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса әндерінен концерттер ұйымдастырған болатын. Алда игі бастаманың жалғасы ретінде Балуан Шолақ, Естай, Әсет, Мәди, Қапез, Кенен, Нартай, Жамбыл әндерінен концерт өткізу жоспарлануда. Концерт кешкі сағат 18.00-де басталады. 

Жоламан ҚҰЖИМАНОВ, әнші, ұстаз:

– Қазақтың ұлттық өнері жас толқынға жат болып барады. Тіпті орыстілді ортадағылар ән мен күйдің не екенін білмейтіні жасырын емес. Әннің әуенін бұзып, қазақша сөзді бұрмалап, мұңлы әнге көңілді ырғақ қосып айту қалыпты жағдайға айналды. Нағыз әншілер нөпірдің тасасында қалып қойып отырған жайы бар. Елдің әні өтірік өнерге әбден үйреніп алған, қазақтың саф алтындай қазынасы – классикалық ән мен күйге біртүрлі тосырқай қарайды. Дегенмен, ел ішінде ұлттық өнерімізге сусап отырған ат төбеліндей ғана топ бар. Концерттеріміздің тұрақты көрермені – солар. «Адырнаның» «Дала дауылпаздары» жобасы – қазақтың жоғын түгендеп, барының мерейін асыратын сәтті жоба.

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ, әнші, өнертанушы:

– Сал-серілердің мұрасын насихаттауға бағытталған «Адырнаның» «Дала дауылпаздары» жобасы қолға алынғалы белгілі дәрежеде дәстүрлі өнердің көрермені қалыптасып, әншілердің арасында да бәсекелестік орнай бастады. Тіпті артынша осы бағыттағы ұйымдар да құрылды. Осыған дейін Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса әндерінен концерт өтті. Журналистерден, әншілерден, тарихшылардан құрылған ұйымдастырушы топ кейінгі кезде барынша кештің сапасына мән беруде. Шағын демеушілердің қаржысымен, сатылатын билет құнымен-ақ қыруар тірлік тындылып жатыр. Енді Үкілі Ыбырайдың ән кеші де жоғары деңгейде болады деп үміт артамыз. 

Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының жетекшісі:

– Біз көбіне «тіл», «тіл» деп шырылдаймыз. Жөн-ақ. Бірақ, сол қазақтың тілің шебер игергендердің де өзге діннің, өзге ұлттың сойылын соғып жүргенін мына шығып кеткір құрғыр көз талай көрді. Шел басқан көздерінің кесірінен борсықтай бетінен, қампиған қарнынан алысқа барлауға қабілеті жетпейтін қалталыларымыз да тапқан-таянғанын казиноға, яғни өзгелердің «өңешіне» өткізіп жіберіп, бірдеңені қарық қылғандай-ақ «мәз-мейрам» жүр. Қаракөздеріміз көрінгеннің жетегінде кетіп, әркімнің қолжаулығы болып жүргені, төбесіне әңгір таяқ ойнатса да мыңқ етпейтін ұлдарымыздың ер мінезділігінен айырылып езге айналуының себебі не? Бәріне кім кінәлі? Енді не істеу керек? Бұл сауал әркімді-ақ ойлантса екен... Бойға қуат бітіретін ұлттық тағам, рухани байытатын ұлттық музыка (ән-күй, жыр-дастан, ауыз әдебиеті), жалпы ұлттық құндылықтарды, ұлттық рухты қайта тірілтпесек, көп ұзамастан-ақ іштей «іріп-шірейтінімізді» болжау үшін көріпкел болып құмалақ ашудың қажеті шамалы. Ол үшін тек көшеге шықсаңыз жетіп жатыр...               

Байланыс телефоны: 87713008479, 87751013001, 3888067

Электронды мекен-жай: adyrna@bk.ru

Суреттер: adyrna.kz

4351 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 07:39
Пікірлер
+0
28 мамыр 2012, 13:21

Дәстүрлі ән кештерінің басы-қасында үнемі "Адырна" жүреді :)

+0
28 мамыр 2012, 14:24

Жақсы кеш болады. Қап, барып,көрсе ғой!

+0
28 мамыр 2012, 15:47

мен барайын деп жатырмын :mrgreen: Ерлан Рысқали қайда болса, мен де сонда :D

+0
28 мамыр 2012, 15:53

"Ерлан Рысқали қайда болса, мен де сонда" Тәәәәәәк... Ерлан Рысқали :| :D

+0
28 мамыр 2012, 16:00

:D :D ол кісінің қарапайымдылығына сөзім жетпейді :D Қазақылығы өз алдына бөлек әңгіме. Кейде ойлаймын да, бұрын әншілердің дауыстары ана ауылдан мына ауылға естіліп жатқан ғой, егер Ерлан Рысқали сол замандарда туса, дауысы расымен де келесі ауылға естілетін болар деп :) саф талант қой. Сәуле Жанпейісова да қатты ұнайды. Оның өнерге деген жанашырлығын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Не деген дауыс шіркін! Не деген дархандық. Қысқасы, сол кешке жетсем, бір шалқып қалайын деп отырмын :D

+0
28 мамыр 2012, 16:14

күшті болатын секілді

+0
01 маусым 2012, 01:32

Бару керек болып тұр... Точнее барайын деп жатырмын... :)

+0
05 маусым 2012, 17:39

Кеш жақсы өтті. Рамазан аға үкілі Ыбырай сияқты дауысы 7 шақырымға жететіндей ән салды. Концертке адам аз барды, кешігіп, концерт кезінде өзара әңгімелесіп (бір-бірін жаңа көргендей), кештің сәнін кетірді.... гүл де әкелген жан болған жоқ. Қазақтар, өз өнерімізді қашан құрметтеп, өз деңгейіне тұрарлықтай көңіл бөлетін боламыз? Ішің ашып, қаның қайнап қайтасың......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...