Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Сырлы сазды жетіген" атты музыкалық кеш өтеді

"Сырлы сазды жетіген" атты музыкалық кеш өтеді

Алматы қаласындағы Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайында 30 мамыр, сәрсенбі күні сағат 19.00-де «Алматы – шабыт қайнары...» шарасының аясында «Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеші өтеді. Кештің басты мақсаты – көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық аспабы жетіген аспабын кеңінен насихаттап, төл дәстүріміздің дамуына үлес қосу.

Музыкалық кешке бағзыдан бастау алған ұлттық дәстүрлі өнерімізді бұл күнде дәріптеп, атадан қалған аманатты арқау еткен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының ұстазы, ғалым-зерттеуші Нұргүл Жақыпбек пен жас өнерпаздар Картенбаева Қорлан, Күлжанова Гүлжанат, Оспанова Балжан, Тұрсынқызы Мөлдір, Мүсірепова Жадыра, Нұрмолдаев Серік, Исаев Нұрболат, Дүкетбаева Айгерім, Окманова Диляра және т.б. дарын иелері қатысады. Кеште халық әндері, қазақ және шетел сазгерлерінің күйлері мен авторлық шығармалар орындалады.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының ұстазы, ғалым-зерттеуші Нұргүл Жақыпбек:

"Атам қазақ: «Көзден кетсе, көңілден кетеді» дейді. Қилы кездерде талай рухани байлығымыздан айырылдық. Көптеген аспаптар сұранысқа ие болмай, жоғалып кетті. Бірақ, Болат Сарыбаев ағамыздың арқасында төл өнеріміз халқымен қайта қауышты, көзден таса болған талай аспабымыз өмірге келді. Ағамыз бастаған сара жолды жалғастыра отырып, бүгінде біз де өз өнерімізді жұртшылық назарына кеңінен танытуға ат салысу үстіндеміз. Жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, бұрынғы күніміз бүгінде қайта жаңғырып жатқан заманда төл өнерімізді насихаттау шаралар ауадай қажет. «Сырлы сазды жетіген» атты музыкалық кеште көрермен қауымды қазақ халқының тағылымды мұрасымен кеңінен таныстыруды көздеп отырмыз."


Жетігенші Гүлжанат Күлжанова:

"Жетіген аспабы көзі қарақты қауымға бұрындары таңсық болса, соңғы кездері бірте-бірте танылып келе жатыр. Жетіген аспабын кеңінен таныстыруға өткен ғасырларда Болат және Талғат Сарыбаевтар белсене ат салысса, қазіргі таңда ұстазымыз Нұргүл Жақыпбек сүбелі үлес қосуда. Кеште ұмыт болған халық әндері мен күйлерін аспап сүйемелдеуімен орындаймыз."

Жетігенші Қорлан Картенбаева:

"Басты мақсат - қалың көпшілікті жетіген аспабымен жақынырақ таныстыру. Жетіген тыңдарман қауымға жағымды әсер сыйлайтын сиқырлы сазға бай аспап. Өкінішке орай, аспапта шағын әуендерді ғана ойнап қоятын орындаушылар бар. Олар аспаптың қыр-сырын біле бермейді, есесіне, оның зор мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Кеште қазақ халқының күйлері мен әндерін ғана емес, танымал шетел шығармаларын орындап, оның жан-жақты алып аспап екенін дәлелдейтін боламыз."

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Алматы қаласында «Мәдениет жылы» аясында өткізілетін бұл игі шара қала тұрғындары мен шаһар қонақтарына тағылымы мол рухани тарту болып табылады.

Ұйымдастырушылар: «Via Communications» байланыс тобы, «Абай халықаралық клубы», Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайы

Ақпараттық демеуші: Horde.kz блог плотформасы, Artparovoz порталы, 4DClic 

Өтетін жері: Ықылас атындағы Мемлекеттік ұлттық аспаптар мұражайы. Келем деушілерге есік ашық.

Суреттер: Қорлан Картенбаеваның жеке мұрағатынан алынған

4170 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 мамыр 2012, 11:44
Пікірлер
+0
24 мамыр 2012, 15:42

Мұражайдың мекен-жайын білетіндер бар ма?

+0
24 мамыр 2012, 15:44

Алматыдағы 28-Панфилов саябағында

+0
24 мамыр 2012, 16:22

Қарақат бір топ қыздармен ойнап жүр ғой осы жетігенде. Тамаша құрылған! Соларға разымын.

+0
24 мамыр 2012, 16:50

Ерке қыз, сен мына концертке жүр. Кімнің кім, ненің не екенін білетін боласың. ;)

+0
25 мамыр 2012, 10:47

Korlan the best!

+0
25 мамыр 2012, 14:24

Келісемін ;)

+0
27 мамыр 2012, 19:52

Рахмет қыздар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...