Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Нұржан Қалжанның бойтұмар әні - "Бұлбұл құс"

Нұржан Қалжанның бойтұмар әні - "Бұлбұл құс"

Нұржан Қалжанның бойтұмар әні -

Ол «Жас қанат» байқауында топ жарып, жеңіске жетті. Байқаудан кейін оның есімі халыққа кеңінен танылып, ол талай қыздың жүрегін жаулады. Оның есімі – Нұржан Қалжан. Әуелгі бастан халық әндерін шырқаған ол қазақ эстрадасынан өзіндік орнын таба білді.

Әншінің орындауындағы «Бұлбұл құс» әні жарыққа шыққан бойда үлкеннің де, кішінің де құлағын селт еткізген еді. Бұл ән радио және телевизиялық бағдарламаларда жиі көрсетіліп, кеңінен танылды. Көп ұзамай әнші аталған әнге бейнебаян түсірді. «Бұлбұл құс» әнін дүниеге әкелген Қытайда тұратын Ахметжан Рабжанұлы есімді қазақтың жас жігіті.

Ахметжан Рабжанұлы 1984 жылы Қытайдың Іле-қазақ облысы, Моңғолкүре ауданында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын болып өскен ол есейе келе көркемөнер орталығында музыкалық білім алып, өз өнерін шыңдады. Қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп орындаумен қатар, ол өзі ән шығара бастайды. Атамекеннен жырақта жүріп, қазақ эстрадасының жұлдыздарымен тығыз шығармашылық байланыс орнатады.

«Бұлбұл құс» әні әншінің ән қоржынына сол кездегі продюсері Қыдырәлі Болмановтың арқасында енді. Продюсер Қытай еліне кезекті сапармен барғанда бір концертте «Бұлбұл құс» әнін естіп қалады. Кейін «Қазақстанға барғанда өз репертуарыма қосамын» деп әнді елге алып келеді. Бірақ, бұл әнді өз қамқорлығындағы жас өнерпаз Нұржанның орындауында дұрыс көреді. Өнердегі ағасының ақылына сүйеніп, Нұржан әнді жоғары деңгейде орындап, продюсер сенімін ақтайды. Бұл өте сәтті шыққан әндердің бірі.

Сезімге толы «Бұлбұл құс» әнінің, өкінішке орай, қалай дүниеге келгені беймәлім. Себебі, бұл хақында ән авторы Ахметжан Рабжанұлы аса көп тіс жармайды. Айдан анығы әсем ән үлкен махаббаттан туған.

Бұлбұл құс

Әні мен сөзін жазған: Ахметжан Рабжан

Орындаушысы: Нұржан Қалжан

 

Сағым болып кеттің, еркем,
Сағынумен күні-түн.
Сарқылғандай бар сезімім,
Сорлы жүрек дір етті.

Сағым болып кеттің, еркем,
Сағынумен күні-түн.
Сарқылғандай бар сезімім,
Сорлы жүрек дір етті.

 

Қайырмасы:

Бұлбұл құсым, жырақтама,
Жанымды отқа бөлеші.
Сүйем сені, бірақ қана,
Ұмыт мені демеші, демеші!

 

Жанарға жас ұялады,
Жыламауға көнбейді.
Сезім сырын жиі алады,

Кетсең-дағы сенбейді.
(Кетсең де алыс сен мейлі)

Өтті күндер, зымырады,
Білем қайта келмейді.
Демім іштей сығылады,
Кеудемді мұң кернейді.

 

Қайырмасы:

Бұлбұл құсым, жырақтама,
Жанымды отқа бөлеші.
Сүйем сені, бірақ қана,
Ұмыт мені демеші, демеші!

Суреттер: dastan-studio.kz

8067 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 22 мамыр 2012, 10:52
Пікірлер
+0
22 мамыр 2012, 11:36

Соңғы кездері Ахметжан Рабжанның әнді өзі айтып, талан-таражға салды ғой. Өкінішті...

+0
22 мамыр 2012, 11:53

жақсы көремін осы әнді

+0
22 мамыр 2012, 11:54

жазған адамға көп рахмет

+0
22 мамыр 2012, 12:10

Жақсы ән! Орындаушысы сан рет ауысса да, әуелгі нұсқа халық жадында мәңгі қалатыны сөзсіз

+0
22 мамыр 2012, 12:45

Моңғолкүре керемееет жер!)

+0
22 мамыр 2012, 13:56

жақсы ән!!!

+0
22 мамыр 2012, 15:52

Нұржан Қалжанның дауысы ерекше болғанымен, ма,ан аса ұнамайды!

+0
22 мамыр 2012, 16:52

сирек қой мұндай дауыс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...