Алматыда күйші Абылай Тілепбергоновтың концерті өтті

Алматыда күйші Абылай Тілепбергоновтың концерті өтті

Бүгін, яғни, 29 сәуір күні Алматыда күйші Абылай Тілепбергеновтың "Өскен өнер" атты жеке концерті өтті. Кеште Халық композиторларының күйлері мен Қазақстан композиторларының шығармалары орындалды.

Құрманғазы атынданы консерватория мен "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бірлесіп өткізген концертке халық көп жиналды. Кеште күйші Абылай Тілепбергеновтен бөлек эстрада әншілері, термешілер, сонымен қатар, электродомбырашылар ұжымы "Алдаспан" тобы өнер көрсетті.

k

Айта кетелік, Абылай Тілепбергенов Қазақстан Республикасы Президенті-Елбасы қорының, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, "Серпер" жастар сыйлығының иегері. Күйші қазіргі кезде Құрманғазы атындағы консерваторияның 4-ші курсында білім алуда.

Дайындаған: Еркебұлан Сатқанбаев

сурет: ©Еркебұлан Сатқанбаев

Е. Қайрахан