Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы

Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы

Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы

Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Тоқылдақ, сылдырмақ, сақпан сияқты сілкілмелі аспаптардың қатарында. Аспапта ойнау тәсілі айтарлықтай, қиын емес. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды.

Ертеде бұл асатаяқты бақсылар мен абыздар қобыз, даңғара, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптармен қатар науқастан айықтыру мақсатында қолданған. Асатаяқ басына мал басын орнатып, оған темір сақиналар мен салпыншақтар ілген. Бақсылар адамдарды емдеген кезде асатаяқты сілкіп отырып, оларды өздеріне қаратқан. Уақыт өте келе асатаяқ ән-күй әуеніне қосылып, би ырғағын сүйемелдеу үшін кеңінен қолдана бастады.

Асатаяқ аспабын үйеңкі, емен, қайың, жеміс-жидек ағаштарының бұтақтарынан жасайды. Басына темір металлдардан жасалған сылдырмақтар мен қоңыраулар ілінеді. Жалпы ұзындығы 110-130 см. Жасалу тәсіліне қарай «айшықты», «жылан басты», «жалпақ басты», «ай басты», «қалақша», «сопақша», «қобызбас» т.с.с. болып келеді. Аспапқа ою-өрнектер салынады.


Аспап П. Бекетов, Г. М. Броневский, Р. А. Пфеннинг, Шоқан Уәлиханов, Болат Сарыбаев т.б. белгілі зерттеушілердің еңбектерінде кеңінен зерттелген.

Қазіргі таңда асатаяқ кеңінен дәріптелуде. Ұлттық аспаптар оркестрлері мен этно-фольклорлық ансамбльдер шығарма орындаған кезде асатаяқ қолдануда.

Суреттер: dostoprim.almaty.kz, musicheritage.nlrk.kz

10926 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 18 наурыз 2012, 10:00
Пікірлер
+0
19 наурыз 2012, 10:20

Менің аса таяғыма ұқсамайды екен!

+0
19 наурыз 2012, 10:32

Сіздікі қандай еді? ))

+0
19 наурыз 2012, 11:33

Бұл кісінікі әшейін таяқ шығар!

+0
19 наурыз 2012, 11:42

Менің ойымша, музыкальный асатаяқ. Аттан дегенде музыка шығады)))

+0
19 наурыз 2012, 11:43

"Аттан" деп ата өзі айтады, сірә, қолдағы таяғы бір рух беріп, демеп тұрады)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...