Студенттік cупер хит: "Батыстың бал ерке қызы"

Студенттік cупер хит: "Батыстың бал ерке қызы"

Бүгінгі таңда өз әнімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген бір жас әнші бар. Ол – Елтай Ерназар. Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында 1992 жылдың 16 қыркүйегінде дүниеге келген. Жас дарын қазіргі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде 3-курс оқып жатыр.

Арулардың сүйіктісіне айналған жігіт Батыстың бір қызын сүйіп қалса керек. Қылығы балдай, ерке назды қыздың есімі әзірше белгісіз. Бір анығы, тамаша әннің сөздеріне қарай отырып, Елтайдың сол бір қызды қатты сүйетінін аңғарамыз. 

Айтпақшы, ән сөзін Арман Октябров жазған болса, сазды әнді Елтай өз жан-толғанысынан шығарыпты. 

Әсем әнді арнаған әдемі қызымыз қайда екен? Батыстың бал ерке қыздары, мүмкін, сіздер білетін шығарсыздар?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

суреттер: Өмірбек Сансызбайдан

Л. Лига