Лондондық ресторанға 6 жасар бала салған логотип таңдалды

Лондондық ресторанға 6 жасар бала салған логотип таңдалды
Фото: vk.com

Фрит Керр есімді графикалық дизайнердің 6 жасар ұлы Jolene ресторанына арнап логотип салды.

Алдымен мейрамхана айдентикасын жасауға көптеген беделді дизайнерлер жұмылдырылған. Олар Jolene-нің алға тартатын қарапайым стилін көрсетуге тырысып баққанымен, ештеңе өнбеді.

Оның негізін қалаған адамдарды ғаламшарды жөн-жосықсыз пайдалана бермей, келер ұрпаққа қалдыру идеясын ұстанады. Сол себепті пафостан аулақ болып, минималистік атмосферасын сақтап қалған.

Ақыр соңында олар осы ойды жеткізе білген кішкене баланың суретін мейрамханаға логотип ретінде таңдаған.

А. Оралқызы