Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қайрат Нұртастың "Өкініші"

Қайрат Нұртастың "Өкініші"

Қайрат Нұртастың

Кеше, 9 сәуір күні Алматы қаласында "Арман 3D" кинотеатрында жас әнші Қайрат Нұртастың өмірінен сыр шертетін "Өкініш" кинофильмінің тұсауы кесілді. Бұл жайында біз сіздерді бұрындары да хабардар еткен болатынбыз. 

Кинофильмнің "көрсетіледісі" мен көрсетілгені жайында көкейімді тесіп бара жатқан көрермендік пікірімді айтып өткенді жөн санап отырмын. Әлі де қазақ кинотеатрларының экранына шығып үлгермеген бұл туындыны қайратшыл қауым асыға күтуде. Қайрат Нұртаспен "ауыратын" халық үшін бұл фильм голливудтық шедеврлерден де асып түсуі мүмкін. Мен үшін бұл туынды тек Қайрат Нұртасты таныстыру, оның атын брендке айналдыру (Мен емес, "Қайрат Нұртастың атын брендке айналдырамыз" деген анасының сөзі) мақсатында жасалған дүние сияқты. Қалай да қарайтын дүние ғой деп біз де Қайраттың киносы үшін көшеге асыққан көштен қалмай Арман кинотеатрына бардық. Әншіден киносыншылар түгілі, көрермен сын таппай қалатындай дүние күтпедім де. "Мамасының баласы" түскен кинофильмнің тұсау кесеріне қазақ эстарадасының жарқын жұлдыздары да жиналды. Көбі киноға өз үлесін қосқанын кейін біліп жаттық. Қызыл кілем үстінен жүріп өткен жұлдыздарды шетінін ішке қарай шығарып салдық. Қайрат Нұртас пен оның отбасы кинотеатрға өте кеш келді. Жарайды, кешігуді ар санамайтын қазақтың мұнысына кешіріммен қарап жүреміз ғой. Әйткенмен, басқа-басқа өз кешіне өзі кешігіп келетін той иесін енді көріп тұрмын.

Пресс-конференция кезінде әлі де жауабын таппай жүрген Қайрат Нұртастың өмірінен де сұрақтар қойылды. Анасы тек өнер жайында қойылатын сұраққа ғана жауап беретіндігін айтты.

"Кино неге "Өкініш" деп аталды?" деген сұраққа Қайрат: "Киноның атын "Өкініш" деп қойған мен едім. Әдейі осылай қойдық. Жұрт "Бұл неге өкінді екен?" деп ойласын дедік", - деп қысқа қайырды. Рас, біз де солай ойлап келгенбіз. "Киноның 70 пайызы шындыққа жанасады. Ондағы көптеген оқиғалар Қайраттың өмірімен тығыз байланысты. Кинодағы Қайраттың әкесінің баласына ашуланып ұрсуы да дәл өмірдегідей", - деді әншінің анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова. 

Кинофильмде өз рөліне адал болған тек бір-екі адамды ғана айтып өткім келеді. Олардың бірі - Мира Келімбетова.

Қайраттың шашбауын көтеріп жүрген топтың бір мүшесі саналатын Мира кинода өзінің әртістік шеберлігін жақсы көрсете алды. Ол жаттап алған сөздерін ежелеп отырған Қайраттың өзін де, анасын да жетектеп жүргендей болды. Азия тобының әншісі Ренат Баситовтың да беріліп ойнағаны көрініп тұр. Әсіресе, киноның соңында мүгедек адамның кейпіне енген Ренат көрерменнің көңілін босатты.

Айтпақшы, кино аяқталғанда кинотеатрдан қоларбаға танылған мүгедек кісіні де байқап қалдық. Шамасы, Ренат осы кісінің образын алып шыққан көрінеді. Өйткені Ренаттың кинодағы ауру қылығы дәл осы кісініңкіндей. Бірақ Ренат киноның басындағы көріністерде онша ашыла қоймады. 

Қайраттың әкесі Нұртас мырзаның ашуынан айналып қана кетейін! Мені актерлік шеберлігімен Мирадан кейін (Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов сынды кәсіби білімі бар актерлерді қоспай отырмын) осы кісі мәз етті. Үйіндегі келеңсіздікке дауыс көтеріп жатқан әке телефон соққан арғы жақтағы дауысқа бірден жай дауыспен үн қатты. Мұның өзі тапқырлық қой! Киноның бір-екі жерінде ғана жылт етсе де, ол өз тапсырмасын адал орындады деп түйдік. 

Алтынай Жорабаева мен Нұрлан Еспановқа да өзімізше разы болдық. Бүгіндері түрін көрсе болды, жата қап күле беретін Қанат Әлжаппапров та жүр кинода. Ұжым киноның идеялық шеберлігімен тартпаса да, жұлдыздарды қатыстыру арқылы тартуды көздеген сыңайлы. Жаныңа жағатын қай жұлдызды да енді Қайраттың киносынан көре аласың. 

Қайраттың басын қатырған сұлудың рөлін Жания Джуринская есімді актриса ойнап шықты. Кинода Сәния аталған арудың атын бірде Қайрат "Жания" деп өз атымен атап қойды. Оны байқамай-ақ тыныш отыратын көрермен бе? Бәрі "Өз атын атап қойды" деп күбірлесіп жатты. Мұны жүз рет қарап, жүз рет өңдеген шығармашылық топ қалай байқамады екен?

Меніңше, Сәнияның образын тым асырып жіберген сияқты. Қайрат Нұртасты айласын асырып жүрген сұлудың алдында тым дәрменсіз етіп көрсетіпті. Қайдам, "70 пайызы шындық деген соң", бұл жағдай да өз өмірінде болған жайт шығар. Сәния Қайраттың қалтасын ғана бағып жүрген болса, басқа да теріс қылықтарын мейлінше жасырса болар еді. Жоқ, ол өйтпеді. Клубта басқа жігітпен отырған Сәнияны Ренат пен Сиви байқап қалып, жанына барып бұл қылығын бетіне басты. Бірақ бұған арланған Сәния жоқ. Тым болмаса, "Ертең Қайратқа жеткізіп барар, қалтасы қалың жігіттен қапыда қалармын" деп қыңқ еткен қыз жоқ. Бірақ Сәнияның бұл қылығын Ренаттан естісе де, Қайрат та үндемеді. Сәнияның сұраған қомақты ақшасын алып, пәтеріне жетіп келгенде, оның басқа еркекпен көңіл көтеріп жатқанын көргенде ғана түсінді. Олар, бәлкім, осы көріністі көрсету үшін алдындағы оқиғалардағы қателіктерді жай ғана жамап тастаған шығар. Не десек те, ол өзінің ақымақ болып жүргенін түсінді-ау.

Айтпақшы, Қайрат сүйіктісінің теріс қылығының үстінен түскен сәтінде тағы бір қызыққа куә болдық. Жалаңаш денесіне орамал орап алған еркек есікті кім қағып, үйге кім келгеніне де көңіл аударған жоқ. Екеуі де бұрылып қараған сәтте ана бөлмеден мына бөлмеге өте шықты. "Сен сол кезде былай қарай өтесің. Сонда Қайрат Сәнияның басқа еркекпен көңіл қосып жатқанын білуі керек" деген тапсырма бойынша жылт еткен ол азамат та ендігі "Мен Қайрат Нұртастың киносына түстім" деп өзінше жұлдыз боп жүрген шығар. 

Апатқа ұшыраған Қайратты ауруханаға жеткізгенде анасының шын көз жасы шықты. Ол басындағы жаттанды сөзді оқудағы әдісті ұмытып, жүрекпен сөйледі. Қайрат ауруханадан шығарда арқа тұсындағы жарақаттан алған тыртықтарды байқадық. Біраз уақыт өтіп жазылайын деген екен деп ойлап едік. Сөйтсек, арқасындағы жарақаттары бітеліп, тыртыққа айналып үлгергенде, әншінің бетіндегі жаралары әлі жазылмапты. 

Киноның өңін қазақ өнерінің өрін бағындырған Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов сынды актерлер ашқаны рас. Екеуінің ойнау шеберлігін байқап, оны жастармен салыстырған көрермен ғана киноға шын бағасын бере алады. 

Киноның толық мазмұнын жазып жатпайын. Ол жайында айтып, киноға бармауға кеңес беріп жатқан жандар да жоқ емес. Ал мен кеңес беруге келгенде, үндемей-ақ қояйын...

Автор: Ақерке Әбілхан

Суреттер актерлердің vk.com-дағы жеке парақашаларынан алынды

21976 22
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 сәуір 2013, 16:34
Пікірлер
+0
10 сәуір 2013, 16:36

"Жұрт "Бұл неге өкінді екен?" деп ойласын дедік" Неткен сауатсыз жауап мынау? Сонда фильмнің өн бойына өкінудің түк қатысы жоқ болғаны ма? :shock:

+0
10 сәуір 2013, 17:01

жамаааан сынға ұшырап жатыр ғой)) Бәрін қойшы Қанат нәғып жүр дим да))

+0
10 сәуір 2013, 17:04

кино ұнады. кемшілігі бар, тіпті көп. Бірақ Қайраттың өз деңгейінде түсірілген кино деп ойлаймын...Сосын, кино Қазақстанның ең бай, ең тәуір деген жерлерінде түсірілген, бұрындары қазақтарды көшпелі, кедей қылып, ауылдарды түсіре беруші еді, мұнда кішкене көзің ашылып қалады)

+0
10 сәуір 2013, 17:20

міне, қандай тамаша мақала. сараптап, саралап жазылған. Бейне кино саласын меңгеріп алған актриса секілді. ой, кешіре ғой, актриса екеніңді ұмытып кетіппін әуелі. дегенмен, мына мақалаға көңілім толды. барсам ба, бармасам ба деп ойланып жүр ем. енді мүлде бір шешімге келдім. бармай ақ қояйын, тым құрығанда Тұңғышбай мен Асекеңді аяйын.

+0
10 сәуір 2013, 17:52

Еее солай де. Шығатынын естігенде осындай дүниелердің болатынын кімнің де болса іші сезді-ау деймін.

+0
10 сәуір 2013, 17:57

Шынымен де мақала тамаша. Тіпті киноны көріп отырғандай болдым. Ал Қайраттың сұраққа сауатсыз жауап бергені жарамапты. Өз басым әйелімен ажырасып кеткеніне өкінді ма екен? немесе Дауысы жетпейтін әндерді босқа айттым деп өкінді ма екен деп ойласам, біз не үшін өкінді екен деп ойласын деп жауап қатыпты. Ал біз не үшін өкінді деп ойладық, ал оған Қайраттың жауабы қандай болады екен. :?

+0
10 сәуір 2013, 18:30

соңғы күндері ешкім туралы негативті пікір айтпауға шешкем, бірақ көп естігеннен бір көрген дұрыс ау деймін...барып көру керек

+0
10 сәуір 2013, 19:48

Осы киноны бір көріп шығайын

+0
10 сәуір 2013, 20:32

Сандырақ кино. Барлығы сандырақ. Қалтадағы ақша не істетпейді?! Түк қызық жоқ кинода. Тек бір ғана берері бар - уақытты босқа өткізбе!!!

+0
11 сәуір 2013, 19:12

Ия, шынымен далбаса. Түкке де тұрмайтын нәрсе. Арысы жасөспірімдердің де түйсігінен төмен. Осыншама сауатсыз болар ма екен адам деген. Өз басым әншілердің ішінен Мейрамбек, Тоқтар, Алтынай секілді бірнеше әншінің ғана сауаттылығын мойындаймын.

+0
10 сәуір 2013, 22:04

Па, шіркін! Актерліктен бірсыпыра хабары бар адамның мынадай рецензиясынан кейін одан сайын туындыны барып көріп, бір сынап алғың кеп кетеді екен! ))) тіпті, материал деген дүниеде жеке көрермендік пікір шетте қалуы керек болса да мынау жазба ұнап отыр, ертең көріп отырғанда "ееее, Ақерке мына жерін дәл айтыпты-ау" деп түртіп отыратын болдық! Рақмет!

+0
11 сәуір 2013, 02:55

Kazakstannyn "Stas Mihailovynyn" kinosy osyndai bolatynyna kumanim bolmagan. Al makala keremet!

+0
11 сәуір 2013, 10:07

Көргесін айтармын пікірді

+0
11 сәуір 2013, 20:49

өөте байқампаз екенсіз)))

+0
13 сәуір 2013, 15:18

Бұның қасында Баян Есентаеваның киносын оскарга беруге болад екен)

+0
16 сәуір 2013, 13:58

Маған кино қатты ұнады. Әй, шіркін, қазағым-ай! Біткен іске сыншы көп деген! Сынауға бер қазақты! Кинода әсерлі жерлер көп. Әсіресе, соңындағы Ренаттың мүгедек болып отырғандағы, Қайраттың өкініші! Қайта орына келмейтін өкініш! Бұл жерде Қайратты ақымақ қылып көрсеткісі келген жоқ. Махаббат соқыр дейді. Ол шын жүрегімен сүйді. Бүкіл әлем ол қыздың кемшілігін көрсе де, Қайрат көрмеді. Өйткені ол махаббаттан соқыр. Режиссер махаббат адамға не істетпейтінін көрсеткісі келген, ананың баласына деген сүйіспеншілігін, достың адалдығын көрсеткісі келген. Ренат сияқты досың бар болса, бақытты шығарсың! Керемет туынды. Кинодағы Сивиге риза боласың! Өз махаббаты үшін күресіп жүрген сұлу қыз.

+0
16 сәуір 2013, 14:05

Не үшін өкінгенін киноның соңында түсінесіздер! Шет елдің мағынасыз киноларынан әлдеқайда мағыналы, әлдеқайда қызығырақ қой. Ең соңында, өз басым жылап шықтым. Қайрат Нұртаспен бірге жыладым. Режиссер өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Көрерменді сендіре білді.

+0
16 сәуір 2013, 20:27

шет елдің киносын көріп отырғанда немесе үнді киносын көріп отырғанда толып жатқан өтірік, өмірде болуы мүмкін емес масқара етіп түсіреді, бірақ соны көреміз, өйткені оларды сынай алмаймыз, киноларының өтрік екенін көріп отырып сын айтуға деңгейіміз жетпейді деп ойлайды Қазақтар ,біз үшін Қазақтан басқа ұлттардың бәрі Ұлы ұлт болып қалыптасқан, Ал негізі Қазақ кімнен кем екен?

+0
16 сәуір 2013, 20:35

денизден, кешір мені деген турик киносынан әлде қайда жақсы шығар деп ойлаймын

+0
20 мамыр 2013, 13:16

Kairattyn kinosy keremet! unady magan. Rinat uwin jilap kaldym. Sividin ornyna baska kiz oinaganda tipten jaksi bolar edi. Kairatty synga alatyndai ol akter emesko?!

+0
08 тамыз 2014, 12:53

привет кагдила

+0
08 тамыз 2014, 14:50

ниче нәрмәлнә)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...