"Пёрл-Харборға шабуыл" қазақстандық прокатқа шықты

"Пёрл-Харборға шабуыл" қазақстандық прокатқа шықты

Бүгін режисер Идзуру Нарусиманың ("Махаббат үшін күрес") "Пёрл-Харборға шабуыл" атты фильмі қазақстандық прокатқа шығады.

Осыдан бір жыл бұрын түсірілген әлемдік деңгейдегі фильмінің берері мол. Фильмнен ешқандай шоуды күтпеңіз. Тамашалай отырып бір мезетте бұршақтай бытыраған, құмға сіңген судай жоғалып кете барған ұлттың куәгері атанасыз.

Тарихи эпопеяның басты қаһарманы -  Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аты аңызға айналған қолбасшы Исороку Ямамото. Ол 1941 жылдың 7 желтоқсанында америкалық әскери-теңіз базасына тұтқиылдан шабуыл жасайды. Көршілерінен мұндай соққыны күтпеген Америка бір сәтте ойсырап қалады. 200 тікұшақ жарылып, 2500-ден астам адам қаза болады. Дәл осы күні Америка Жапонияға соғыс жариялайды.

Жапония. Отызыншы жылдардың соңы. Мемлекет экономикалық дағдарыстың аузында тұр. Елді жайлаған жұмыссыздық, кедейлік, саяси тұрақсыздық халықтың ұнжырғасын әбден түсіріп жіберген. Әскер, баспасөз, интеллигенция, халық бәрі де тығырықтан алып шығатын күш - соғыс деп  санайды. Мұны трагедиялық адасу, қателік деп санайтын бірен-сараң адамның көшін бастап тұрған да осы - императорлық флоттың басшысы адмирал Ямомото. Ол Отаны мен  император үшін жан беру - кез келген сарбаз үшін зор құрмет деп санайды.

Адмирал Ямомотоның рөлін сомдаған - Жапонияның ең мықты актерларының бірі Кодзи Якусё.

Суреттер:style.rbc.ru,kino.otzyv.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева