Қазақ киносын мексикалықтар тамашалайды

Қазақ киносын мексикалықтар тамашалайды

Қазақстандық режисер Дәрежан Өмірбаевтың алты фильмі Мехикодағы UNAM International Film Festival (FICUNAM) фестивалінің аясында көрсетілмек.

Қонақтар мен қатысушылардың назарына "Қайрат" (1991), "Кардиограмма" (1995), "Кил​лер" (1998), "Жол" (2001), "Шуга" (2007) және "Студент" (2012) картиналары ұсынылады. "Мен Мексикаға алғаш рет бара жатармын. Шара аясында менің еңбектерімнің барлығы дерлік көрсетіледі. Қуаныштымын", - деді Өмірбаев журналистерге берген сұхбатында. Айта кетелік, фестивальдің шымылдығын режисердің "Студент" фильмі ашатын болады.

ва

"Студент" фильмінен көрініс

FICUNAM фестивалі 2011 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Шараның ұйымдастырушы Мексиканың ұлттық автономдық университеті. Бұл оқу орнының Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы ең үлкен университеттердің бірі екендігін де айта кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан, listapad.com