Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Кенжеге" бас кейіпкер керек!

"Кенжеге" бас кейіпкер керек!

Қазақстандық режисер Ермек Тұрсынов өзінің жаңа «Кенже» фильміне бас кейіпкер іздеуде екен. Наурыз айынан бастап түсірілімі басталатын фильм үстіміздегі жылдың мамыр айында-ақ аяқталып үлгереді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынов «Кенже» фильміне басты кейіпкерді таңдау кастингін 2012 жылы қараша айында бітіп қойғанын айтқан еді. Сөйтсе де, фильмнің басты кейіпкері таңдалмаған. Ал түсірілімнің басталуына 2 апта қалған. Кастингке жүздеген адам қатысқан, оның ішінде танымал актерлер де болған. Бірақ оның бірі де режисер көңілінен шықпапты.

«Мен заманауи 25-27 жас аралығындағы жігітті іздеймін. Денесі сымбатты, «жұмсақ» емес болса деймін. Актерлік шеберлігі бар ма, жоқ па, ол міндетті емес. Көшенің адамы болса деймін. Себебі мен жаңа адамдармен жұмыс жасағым келеді. Бұған дейін мен Ерболат Тоғызақовты шығарған едім. Дәл осындай бір мықты адам болса деймін», - дейді Ермек Тұрсынов.

Режисер екі аптада керекті актер табылады деп ойлайды. Сценарий бойынша, басты қаһарман ауылда туып, қалаға келеді. Әрқилы қиындықтарды басынан өткеруі керек. Кейіпкердің балалық шағын ойнайтын адам табылып қойыпты. Картинада Ольга Зайцева мен Михаил Хмуров секілді Ресей актерлерінің де бары белгілі болды. Түсірілім жұмыстары Қазақстан, Тайланд, Испания жерлерінде өтпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Ярослав Радловский

3537 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 ақпан 2013, 14:05
Пікірлер
+0
11 ақпан 2013, 14:31

осындай жаңалықтар көптеп шығып тұрса!

+0
11 ақпан 2013, 14:32

Жігіт болсам, барар едім

+0
11 ақпан 2013, 14:39

Ермек Тұрсыновтың жанына сұрақ белгісін қойып қатырыпсың :lol:

+0
11 ақпан 2013, 14:45

фотошоп )))))))))

+0
11 ақпан 2013, 14:59

Алшын Матай бару керек кой мынаган ))))

+0
11 ақпан 2013, 16:12

Барар ем мен де))) жігіт болсам

+0
12 ақпан 2013, 04:44

мен барайын ауылда тұрам дене барго 3 рет оджимание жасап 1 км жүгірсем жетіп жатр :mrgreen: как раз актерлік шеберлік жоқ 0%

+0
04 наурыз 2013, 00:04

мен барсам калай? болар екен ааааа :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ешкім жауабын таба алмайтын 8 сұрақ
Ешкім жауабын таба алмайтын 8 сұрақ

Неге осы біз бейтанысқа "сіз" деп, жақынымызға жекіп сөйлейміз?

Мен көзбін
Мен көзбін

Мен де көзбін

Бас қатырып көріңіз?!
Бас қатырып көріңіз?!

Логикалық сұрақтар. Шамаңыз жетсе шешіп көріңіз!


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...