Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Аян Өтепберген: «Ермаханның рөлін сомдайтын болдым!»

Құрметті оқырман, жас актер Аян Өтепбергенмен сұхбаттасуды жөн көрдік. Өзінің жаңалықтарымен, шығармашылығымен бөлісе отырып, қызықты сұхбат жасады. 

- Аян, сұрақтан бұрын сұрақтар туралы әңгіме қозғайық. Саған «Жаужүрек мың бала» фильмінен соң, көптеген журналистер келіп, сұхбат алады. Қандай сұрақтар қойылады? Ал сен өзіңе қандай сұрақтар қойылғанын қалайсың? Жалпы, елге айтар сөзің...

- Халыққа ой тастау, көкейдегі сөзді айту біз үшін әлі де ертерек деп ойлаймын. Бір фильм - бір өнер емес, өнер ұшы-қиыры жоқ теңіз. Біз соған енді ғана кіріктік. Ал жалпы халықтың алдына шығып, түрлі баспасөзге сұхбаттар, пікірлер беру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрине, журналистер көптеп келеді. Жауап бергенде ойыңдағы жәй ғана салмақсыз дүниені айта салмау керек сияқты. Егер жақсы сөйлесең, оқырмандарыңның ішінде ең болмағанда бір адам жақсы жағына түзелетін шығар.

- «Сары пресса» аталып жүрген басылымдардың негізгі сұрағына жауап берсең. Мені түсіндің-ау деймін...

- Бірден айтайын, қызым жоқ. Басым бос. Бірақ қазірден бастап үйлену жайында біраз ойланатыным да бар. Шын айтсам, келер 5-6 жылдың еншісіндегі мәселе деп ойлаймын. Қазірде енді ойымыздың бәрі білімде, шығармашлықта болып жүр ғой.

- Интернетте өзіңді жарнамалауға қалай қарайсың? Twitter, Facebook, басқа да әлеуметтік желілерде барсың ба?

- Заман солай ғой. Бір-ақ жақтан айтып, жақсы не жаман деп айта алмас едім. Мәселен, өзім керектінің барлығын интернет бетінен тауып аламын. Мәдени жаңалықтарды оқып отыратын әдетім бар. Бастысы адам өзіне шектеу қоя білуі керек.

- Дамыған елдерде актерлер сериал актері, фильм актері, театр актері болып, әрқайсысы бір ғана салада көрінеді. Ал бізде театр актері фильмде де ойнайды, арзан әзілі бар телетоптамаларда да ойнайды. Сен қай жолды таңдар едің?

- Менің ойымша, кез келген актер ең бірінші кезекте театрдан бастауы керек. Театрдан рухани азық алуға болады. Осы мамандықтың жілігін шағып, майын ішкен ұстаздарды көріп өсесің, бұл ең дұрысы. Сондықтан, өзім оқуды бітірген соң, театрдан бастасам деген ойым бар.

- Жақында Асылхан Төлеповтың Бекзат Саттарханов жайлы фильмге түсетінін БАҚ-тар жарыса жазды. Ал саған мұндай ұсыныстар түсіп жатыр ма?

- Енді құпиямды ашайын. Мен фильмде Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың рөлін сомдайтын болдым. Фильмнің режисері Ермек Шахмет. Ол Талдықорған облысының жас режисері. Оның ұсынысына Асылхан екеуміз бірден-ақ келістік. Себебі ойы бізге шынымен ұнады. Қазақтың атақты боксшыларының рөлін сомдау кез келген актердің бағына бұйыра бермейтіні рас. Қазірде Ермахан ағамның адамгершілік болмысын зерттеу үстіндемін. Бұл кісінің әзілдері де қызық. Бірде жас кезінде орыс тілінде сөйлей алмаймын деп жүрген ағама біреу «Ты левша?» десе, «Нет, я Ермахан!» деген екен. Қызығы қызық. Сол секілді детальдарын алып, достарының ол туралы пікірлерін біліп, образ жасау үстіндеміз. Оның көркем образын жасауға тырысып жатырмыз. Фильм түсірілімі наурыз айында басталады.

- Әңгімеңе рақмет, Аян! Сәттілік молынан болсын!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: жеке мұрағат

7911 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 ақпан 2013, 16:36
Пікірлер
+0
08 ақпан 2013, 14:17

Міне, су жаңа жаңалық! Аян мен Асылхан тағы да бір кинода дейсіз... Бұл жолы екеуі де жағымды образдар жасайды деп топшылап отырмын )

+0
08 ақпан 2013, 14:21

Әрине, жағымды, Екеуі де негізі әдемі келіп тұр. Аянға мұрт қою керек енді :mrgreen:

+0
08 ақпан 2013, 14:26

Екі жігітті Құдай берді қазақ киносына, сәтті туынды күтеміз!

+0
08 ақпан 2013, 14:41

Осы фильм саттi шыкса, жанкуйерлер Аянга "мен сiздi жек коремiн"(с) деп айтпайтын болар. :D

+0
08 ақпан 2013, 14:55

Жұптары жазылмай тағы бірге киноға түсетіні жақсы екен. Бірақ кейбір сұрақтарды түсінбеген сияқты актер.

+0
08 ақпан 2013, 14:59

Бұл кісінің туиттерде отырғанын көргем 1-2 рет, соған қарағанда интернет сауаттылығы бар болуы керек.

+0
08 ақпан 2013, 22:13

Жарайсың, Аян! Басқан қадамыңа гүл бітсін! Алда үлкен биік-белестерден көрін!

+0
09 ақпан 2013, 08:36

Керемет адамға ой саларлық жақсы сұхбат екен

+0
09 ақпан 2013, 11:14

Аянның сөйлеу мәнері, дикциясы ұнайды ғой) Аянның да алар асуы алда, өз мамандығының шебері болсын! Алға!

+0
09 ақпан 2013, 21:08

Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді ме Нурзия ханым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...