Ресейлік "Ералаштың" ізімен қазақстандық "Еркелаш" жарыққа шықпақ

Ресейлік "Ералаштың" ізімен қазақстандық "Еркелаш" жарыққа шықпақ

Қазақстандық актер және режисер Эдуард Табишев ресейлік "Ералаш" бағдарламасының ізімен "Еркелаш" атты балаларға арналған фильм түсіруде. Картина отандық прокатқа балалар күніне (1 маусым) қарсы шығады деп жоспарлануда. 

Толықметражды фильмді режисер қазақстандық телеарналар арқылы экранда көрсету үшін телехикая ретінде шығармақ. Түсірілім тобы телехикаяның 19 сериясын дайындап та қойды. Картинада мектеп өміріндегі алаңсыз балалардың шала істері мен олардың кез келген кезде келеңсіз оқиғаға тап бола беруі көрсетіледі.

"Бізде, сценарий бойынша, балалар - тентектеу. Мысалы бір сериясында балалар мұражайға бармақ болады. Бірақ араларындағы бір сотқары "Қорқыныштар бөлмесі" деген жазуды алып тастап, орнына "Мұражай" деген жазуы бар тақтайшаны іліп қояды. Мұражайға келдік деген балалар қорқынышты кейіпкерлері бар бөлмеге кіріп кетеді. Сценарий бойынша оқиғалар тек мектепте ғана өрбімейді. Біз, сонымен қатар, балаларды теңіз бен саябақта да түсіруге тырысып жатырмыз", - дейді режисер Табишев. Телехикаяның сценарийін жазған да - Эдуард Табишевтың өзі.
   

 

Картинада тек мектеп оқушылары ғана емес, басқа да дарынды актерлер бой көрсетеді. Олар кинофильмге тегін түсуге келісім берген тәуелсіз актерлер.

"Біз де кезінде бала болдық. Егер мен кезінде осындай қызықты балаларға арналған сариалдарды көп тамашалаған болсам, ол менің мәңгі есімнен кетпес еді. Балалар осындай тәрбиелі дүниені көріп, өз қызықтарына өздері батып, жақсысын алып жатса, нұр үстіне нұр емес пе? Сондықтан мен мұндай фильмге тегін түсуге қос қолымды көтере келістім", - дейді "Шалдың" басты кейіпкері Ерболат Тоғызақов ағынан жарыла.
 

Тәуелсіз түрде киноға ат салысып жатқан тек Ерболат Тоғызақов қана емес. Мұнда Фархат Әбдраимов ("Ирония любви", "Фара", "Возвращение в А"), Диляра БайжанбаеваДәулет Әбдіғапаров ("Орда", "Ликвидатор"), Маржан ҚозыбаеваЕрден Телемисов пен Мұрат Мұқашевтар да рөл сомдайды.

Фархат Әбдраимов түсірілім кезінде



Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tengrinews.kz,millioner.kz

А. Әбілхан