Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Қазақстандық кино "Әлемдік кино қоры" сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық кино "Әлемдік кино қоры" сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық кино

Режисер Эмир Байғазинның "Үндестік сабақтары" атты қазақстандық кинокартинасы "Әлемдік кино қоры" (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығын қанжығасына басты. Бұл отандық жоба әлемнің 43 елінен түскен 122 өтініштің арасынан таңдалып, бірінші орынға табан тіреген. 

"Әлемдік кино қоры" 2004 жылы Берлин кинобайқауында "Жаңа эстетикалық амалдар арқылы мықты оқиға мен бірегей көркемдік танымы бар кинотуындыларды жарыққа шығару" мақсатымен құрылған болатын. Жыл сайын бұл қор көптеген кинофильмдерге қаржылай сыйақы беріп тұрады.

"Біздің жұмыс - таптырмас жеңілдік. Біз сансыз оқиғалармен жұмыс жасап, әлемді көзбен бір шалып өтеміз. Сөйтеміз де, ең мықты жобаны нағыз көркемдік тәсілмен жасап шығарамыз", - дейді "Үндестік сабақтары" кинофильміне жауапты қор қызметкері Винченцо Буньо. 

"Әлемдік кино қоры" қолдаған кез келген туынды көркемдік күшке ие. Қордың сыйлығын алған кинофильмдер әлемге терезесін ашып, отандық киноөндірістің қаншалықты жұмыс жасап жатқандығын көрсете алады", - дейді неміс Федералдық мәдениет агенттігінің көркемдік жетекшісі Гортензия Фелькерс.

Туындының режисері мен сценарий авторы Эмир Байғазин Азиялық киноакадемия мен Берлин Talent Campus-тың қатысушысы. Оның көптеген қысқаметражды туындылары әлемдік сыйлықтарды иеленіп жүр. 

   Режисер Эмир Байғазин

"Үндестік сабақтары" атты киножоба Локарнодағы Open Doors форумында көрсетілді. 2011 жылы жоба "Қазақстандық киножобалар сатылымында" (Spotlight: New Kazakh Cinema) жеңіске жетті. Содан кейін көп кешікпей Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясынан шығарыла бастады. Фильмнің продюсері Анна Качко ("Жаужүрек Мың Бала", "Байқоңыр") - Еуропалық кинопродюсерлер қоғамының мүшесі.

"Әлемдік кино қорының" сыйлығы бұл фильмнің жалғыз жетістігі емес. "Үндестік сабақтары" Сараевта өткен 18-Халықаралық кинобайқауда Work-in-Progress бағдарламасының бас жүлдесіне ие болды. Немістің жетекші Post Republic кинокомпаниясы кинофильмдегі монтаждық жұмыстарға көмегін білдіріп, қалған тірлікті Берлинде жалғастыру үшін Режисер Эмир Бағазин мен қоюшы-оператор Азиза Жамбакиеваны шақырған. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: timeout.kz, afisha.headline.kz, kino24.kz

1946 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 16 қаңтар 2013, 14:02
Пікірлер
+0
16 қаңтар 2013, 14:21

Керемет жаңалық :)

+0
16 қаңтар 2013, 14:32

жүлделері көбейе берсін! :)

+0
16 қаңтар 2013, 15:20

жақсы жаңалық екен, құтты болсын!

+0
17 қаңтар 2013, 09:32

керемет...

+0
17 қаңтар 2013, 22:22

жүлде құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...