Ертең Алматыда "Жалпыға арналған кино" акциясы өтеді

 Ертең Алматыда "Жалпыға арналған кино" акциясы өтеді

3 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектер күніне орай Алматы қаласында "Жалпыға арналған кино" атты кинофильмдер көрсетілімі өтеді.

Кинокөрсетілімнің негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығына көңіл аудару, оларды қоғамнан шектетпеу, деп хабарлайды ұйымдастырушылыр: "Аржан" ҚҰ мен БҰҰ-дағы Қазақстанның Алматы қаласы бойынша жергілікті басқару мен әлеуметтік жоспарлау бағдарламасы және "Арман" кинотеатры. 

Халықаралық санаққа сенсек, әлемде миллиардтаған мүгедек жандар күн кешуде. Ал қазақстандық мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 570 000 шамасында.

Қазіргі таңда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі қоғамдағы мүгедектердің рөлін арттыруда көп еңбек сіңіруде. Олар өз денсаулықтарының кемтарлығына қарамастан, түрлі кәсіпте біліктілік танытып жүр. Қазақстанның түкпір-түкпірінде мүгедек жандардың талайы өз ісінің маманы атануда. 

Жоғарыда аталған шара барысында осы мәселе бойынша бас қатырып жүрген белсенділер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғаушылар, әлеуметтік аяда еңбек етушілер мен студенттер жиналады.

"Жалпыға арналған кино" акциясы барды көрсету үшін ғана емес, басқа да проблемаларды қарастырып, тың идеяларды дүниеге әкелу үшін ұйымдастырылып отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық мүгедектер күні БҰҰ-ның шешімімен 1992 жылы 3 желтоқсанда белгіленген болатын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: diapazon.kz

А. Әбілхан