Қазақстандық тұңғыш фэнтези фильм 12.12.12 күні шығады

Қазақстандық тұңғыш фэнтези фильм 12.12.12 күні шығады

Фэнтези жанрындағы отандық тұңғыш фильм «Аңыздар кітабы: Сырлы орман» ("Книга легенд: Таинственный лес") кинопрокатқа 12 желтоқсанда шығады. Бұл туралы фильм режисері Ахат Ибраев Tengrinews.kz журналисіне берген сұхбатында айтыпты.

Ал фильм таныстырылымы 10 желтоқсанда «Арман» кинотеатрында болмақ. Ахат Ибраевтың айтуынша, түсірілім жұмыстары 2010 жылы-ақ басталып қойған, бірақ осыншама уақыт компьютерлік графикамен өңдеуге кеткен.

Баха мен Таха есімді ағайынды балалардың басты арманы ертегі әлеміне еніп, қайтыс болған шешесін тірілтіп алу. Түркілік аңыздардың желісі арқылы Қазақстанның бай өлкесін көрсету ұтымды болмақ дейді фильм жасаушылары. 8-15 жас аралығындағы көрерменге арналған фильмнің көбісі компьютерлік графика арқылы түсіріліпті.   

Картинада отандық актер Фархад Абдраимовтың да бары белгілі болды. Бұл фильм бұған дейін екі кинофестивальде көрсетілген болатын. Режисердің пікірінше, фильм бюджеті миллион долларға жете-ғабыл.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет:  kazakhfilmstudios.kz

А. Құлтай