Америкалық рэпер Шыңғыс хан туралы фильм түсірмек

Америкалық рэпер Шыңғыс хан туралы фильм түсірмек

Американдық Wu-Tang Clan атты хип-хоп тобының танымал мүшесі RZA Шыңғыс хан туралы фильм түсіретін болды. Бұл жөнінде The Hollywood Reporter хабарлайды. 

RZA фильмді жаулаушының балалары мен немерелері баян ететін Джон Милиустың сценарийі бойынша түсіргелі отыр. Рэпер түсіру жұмыстарын 2013 жылы Қытайда бастап кетуді жоспарлауда. Әншінің айтуы бойынша, жоба бірнеше жыл дайындалған. Фильмде Шыңғыс хан рөлін Микки Рурк ойнауы мүмкін.  

Айта кететін жағдай, осыған дейін RZA режиссер ретіндегі дебюті "Темір жұдырықты адам" (The Man With the Iron Fists) атты фильмнен басталды. Бұл фильм жарыққа осы жылдың қараша айында шыққалы отыр екен. Бұл картина да Қытайда түсірілген. Басты рөлдерде Рассел Кроу, Кунг Ле және Льюси Лью ойнады.  

Музыкант "Шыңғыс ханнан" бөлек, тағы да "Иесіз жер" (No Man’s Land) атты триллер түсіруді жоспарлап отыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: blogs.indiewire.com

Б. Қосмағамбет