"Алтын глобус": жеңімпаздар

"Алтын глобус": жеңімпаздар
Фото: vk.com

Лос-Анджелесте "Алтын глобус" марапатын табыстау рәсімі болып өтті. Биыл 75-ші рет өткізілген шара айтарлықтай қызықты болды. Өткен жылда тынбай еңбектенген өнерпаздар өздеріне тиесілі марапатқа қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, армандар мекені саналатын Голливудта әйел адамдарға қатысты жасалатын әділетсіздерге қарсы барша актрисалар салтанатты шеруге қара көйлек киіп келді. Сонымен, жеңімпаздардың толық тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Үздік драмалық фильм
"Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд" (Three Billboards Outside Ebbing, Missouri), Мартин Макдонах

 Үздік комедиялық немесе музыкалық фильм
"Леди Берд" (Lady Bird), Грета Гервиг

Үздік режиссер
Гильермо дель Торо ("Су қалыбы","The shape of water")

Үздік драмалық актер
Гэри Олдман ("Түнерген кезең", "Darkest Hour")

Үздік драмалық актриса
Франсес Макдорманд ("Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд")

Үздік комедиялық актер
Джеймс Франко ("Апат-өнерпаз", "The Disaster Artist")

Үздік комедиялық актриса
Сирша Ронан ("Леди Берд")

Екінші пландағы үздік актер
Сэм Рокуэлл ("Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд")

Екінші пландағы үздік актриса
Эллисон Джейни ("Мен, Тоня", "I, Tonya")

Үздік сценарий
"Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд"

Үздік ән
Kesha – This Is Me ("Ұлы шоумен", "The Greatest Showman")

Үздік музыка
Александр Деспла ("Су қалыбы")

Үздік анимациялық фильм
"Коко" (Coco)

Үздік шетелдік фильм
"Жойылу алдында" (In the Fade), Германия

Үздік драмалық сериал
"Қызметшінің әңгімесі" (The Handmaid's Tale)

Үздік актриса (драмалық сериал)
Элизабет Мосс ("Қызметшінің әңгімесі")

Үздік актер (драмалық сериал)
Стерлинг К. Браун ("Бұл біз", "This Is Us")

Үздік комедиялық сериал
"Таңғажайып миссис Майзел" (The Marvelous Mrs. Maisel)

Үздік актер (комедиялық сериал)
Азиз Ансари ("Қолынан іс келмейтін шебер", "Master of None")

Үздік актриса (комедиялық сериал)
Рейчел Броснахан ("Таңғажайып миссис Майзел")

Үздік мини-сериал немесе телефильм
"Үлкен кішкене өтірік" (Big Little Lies)

Үздік актер (мини-сериал немесе телефильм)
Юэн Макгрегор ("Фарго")

Үздік актриса (мини-сериал немесе телефильм)
Николь Кидман ("Үлкен кішкене өтірік")

Екінші пландағы үздік актер (мини-сериал немесе телефильм)
Александр Скарсгард ("Үлкен кішкене өтірік")

Екінші пландағы үздік актриса (мини-сериал немесе телефильм)
Лора Дерн ("Үлкен кішкене өтірік")

Өндіріске қосқан үлесі үшін
Опра Уинфри 

А. Оралқызы