Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / «Франкенвини» – бүлдіршінге арналмаған мультфильм

«Франкенвини» – бүлдіршінге арналмаған мультфильм

«Франкенвини» – бүлдіршінге арналмаған мультфильм

Тим Бертонның «Франкенвини» мултьфильмі Қазақстан кинотеарларында 11 қазаннан, яғни бүгіннен бастап көрсетіледі. «Франкенвини» – 12-ден жоғары жастағы Мэри Шелли тарихының анимациялық нұсқасы.

Сюжеттік желісі өткен ғасырдың 70 жылдарын көрсететін мультфильм тап-таза қиялдан туған Нью-Холланд деген қалада басталады. Ұзынқұлақтан естуімізше, бұл қала автордың өз қаласына, яғни Бербанк қаласына келіңкірейді. Қаланың ерекшелігі – ондағы ауа райы, тек қана жаңбыр жауып, күн күркірейді де тұрады. Қаланың ең қарапайым деген отбасы да осында тұрады. Франкенштейндер отбасы... Көрші үйде тұл жетім Элиза Ван Хелсин тұрады. Оның сымбаты келіскен ұрғашы пудель күшігі бар.

Франкенштейндер отбасында Виктор есімді бала кинематографиямен айналысқанды ұнатады. Тағы бір қызығы, оның ешқандай да досы жоқ, әрине, Спарки есімді адал досы, итінен басқа...

Спарки байғұсты күндердің бірінде көлік қағып, мерт болады. Міне, осы жерден бастап, ересектерге арналған қорқынышты мультфильмнің «өлім» мен «өмір» тартысы деген бітпейтін мотиві қозады. Тим Бертонның «Бэтмен», «Қалыңдық трупасы» секілді қара-ала дүниесінің стиліндегі тағы бір дүние туады ғой, шіркін...

Қорқынышты мультфильмнің шығу тарихы да «қорқынышты». 1984 жылы Бертонның туындысын балаларға көрсетуге болмайды деп ұрандаған Диснейліктер қаржылай дағдарысқа ұшыратқаны үшін дарынды мультипликаторды жұмыстан қуып шығады. Ал 23 жылдан соң сол Дисней студиясы Бертонды болар да болмай шақыртып алған. Дыбыстауға да дәл сол 30 жыл бұрынғы актерлерді шақырғаны да таңдайды қақтырады.

«Франкенвини» адамзаттың тарапынан өз орнын ойып тұрып алып та үлгерді. Мұнымен қоса, соңғы 7 жылдағы «ең өнертапқыш мультфильм» деген де атақ берілді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: prestonspeaks.com

2086 9
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 қазан 2012, 11:16
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 11:58

Балалар түгілі, трейлерін көріп, мен қорқып отырмын :roll:

+0
11 қазан 2012, 11:59

Менде қорқамын, шынымды айтсам, бірақ мен атақты қырсықпын ғой, барамын! :mrgreen:

+0
11 қазан 2012, 12:04

Балалардың психикасын құртатын сияқты((

+0
11 қазан 2012, 12:05

осындай мультфильмдерді көре алмайды екенмін))

+0
11 қазан 2012, 12:13

Барамын!

+0
11 қазан 2012, 12:39

Маған да қызық емес мұндай мультиктер.

+0
11 қазан 2012, 12:42

керемет мултик қой..бару керек

+0
11 қазан 2012, 12:52

Түрлері "Семейка Адамс" тың кейіпкеркерлеріне ұқсайды екен.

+0
11 қазан 2012, 13:15

рас. сол жанрда екені даусыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...