«Келін» телесериалының түсірілу себебі

«Келін» телесериалының түсірілу себебі
Фото: India Forums

2012 жылдан басталып бес жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан «Келін» телехикаясы әлі де ел назарын өзінен ажыратпай ұстап келеді. Небары сегіз жасында ұзатылатын қыздың тағдыры баяндалудан басталған кино бақылап отырған бізге ертегідей көрінеді. Алайда бұл шындыққа негізделіп түсірілген.

Үндістанның Раджастан штатында туған кісі өз ортасындағы ерте тұрмыс құру мәселесін көріп, оның көптеген артықшылықтарына куә болады. Сөйтіп мұны повесть етіп жазуды ұйғарады. Осы шығарма желісімен түсірілген телехикая әлем назарына ілігеді.

«Келін» телехикаясындағы жағдай бүгінгі таңда Үндістанда кинода ғана емес, өмірде де көрініс тауып отыр. Раджастан жерінде қыздар орта есеппен 15 жасында тұрмысқа шығады. Каттисгар, Мадия-Прадеж, Орисса, Бихар аймақтарында да қыз бала 15-19 жасында ұзатылады. Олардың ата-аналары қазақтардағы бесік құда болу салты секілді, балалардың 1 жасында келісімшарт жасасып, қол қояды.

Үнді халқы үшін ерте тұрмысқа шығу таңғаларлық жай емес, ХІ ғасырда-ақ осы үрдіс белең алған. Сол тұста елді жаулап алған әскерлер оң жақтағы қыздарды келісімінсіз әйелдікке алған. Осы мәселемен күресу мақсатында ата-аналар қыздарын өз қалауы бойынша ертерек тұрмысқа беруді ойлаған.

Қазіргі кезде Үндістан заңы бойынша, ерлер 21 жаста, қыздар 18 жасында некелі боулы керек. Ал бұл заңды пысқырып жатқан халық жоқ. Заң бұзылса, 150 еуро айыппұл салынады, түрмеге жабылады. Мұндай жазаларды өтеу үнділерге қиын емес. Ата-аналардың бар ойы қызын бай-қуатты шаңыраққа тұрмысқа беріп, әлеуметтік жағдайын реттеу. Үнді жұртындағы халықтың түсінігі бойынша, қызын ерте күйеуге берген ата-ана оны киіндіру, оқыту мәселесінен құтылады, ал жігіттің ата-анасы тегін үй күтушіге ие болады.

Неке қию үшін арнайы шіркеуге барып, ресми тіркеу міндетті емес. Тек ауыл, аудан қатысатын үлкен той-мереке жасаса болғаны. Оған қарсылық білдірген қыздардың құқығын қорғау ұйымдарына қара халық салт-дәстүрді сылтауратып, істерін ақтап алады. "Келін" телесериалын түсіргенде режиссер осылайша қыздардың құқығын басқа жолмен қорғауға тырысып, халықтың санасына әсер еткісі келген.

Сіздер қызды ерте тұрмысқа беру жағдайына қалай қарайсыздар?

@. @assel_assanova