Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Мағжан ақынның тағдыры жайлы кино түсіріліп жатыр

Мағжан ақынның тағдыры жайлы кино түсіріліп жатыр

Мағжан ақынның тағдыры жайлы кино түсіріліп жатыр

«Естимісің, тағдыр» атты фильм Петропавлда түсірілім жұмыстарын бастап кетті деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігінің директоры Ғалия Тушкина. Жоспар бойынша, аталған фильм жыл соңына дейін өз көрерменіне жол тартады.

Петропавл қаласында жұмысын бастап кеткен «Тұран-Фильм» түсіру тобы 15 күннің ішінде Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында болады. Ал негізгі түсірілім Алматы облысында жалғаспақ. Сценарий авторы әрі фильм режиссері Марат Қоңыровтың айтуынша, туынды хроникалық қойылым жанрында, яғни ескі кадрларға жаңа әртістерді компьютерлік бағдарлама арқылы қою арқылы түсірілуде. Рөлдерге адам таңдалғанда, кастинг жұмыстары өте ауыр болғанға ұқсайды. Тарихи тұлғаға барынша ұқсас адам табу күрделі мәселеге айналыпты. Мағжанның өмір жолындағы төрт кезеңді Едіге Абдрахманов, Мейіржан Бейсембеков, Дархан Қалиев және Дулыға Ақмолда сомдайды.

Фильмде Мағжанның «Алаш» партиясын құрудағы рөлі, Горький атындағы әдебиет институтында оқуы, Мәскеу және Ташкент қалаларында өмір сүрген кезеңі баяндалады. Фильм қазақ тілінде жарыққа шықпақ. Кейіннен оны орыс және ағылшын тіліне аудару жоспарлануда.

Марат Қоңыров, жазушы, сценарист:

- Біз Мағжан сияқты тұлғаға арнап фильм түсіруді көпке кешіктірдік. Жалпы мәдениетімізге сіңірген еңбегі мен қайраткерлігін көбіміз біле бермейміз. Мағжанның кеңестік кеңістікте баспадан өткізілмей тасталған еңбектері көп. Шығармашылығы әліге дейін беймәлім. Осы фильм арқылы біз Мағжанның шығармашылығына қарсы шыққан өз арамыздағы сатқындардың бетпердесін ашуға тырыстық.

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: kaz-patriot.kz

6144 4
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 02 қазан 2012, 17:26
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 16:58

Қайран, Мағжан! Егіліп отырып көретіндей кино болса екен, тілекшіміз!

+0
02 қазан 2012, 17:25

жақсы фильм күтеміз

+0
02 қазан 2012, 17:28

Шындықты шырмаудан босатып, бұғауын тас-талқан етсе, қане! Марат Қоңыровтың сөзі майдай жағып барады... Сәттілік!

+0
03 қазан 2012, 00:51

қазақ тарихында киноға сұранып тұрған қаншама оқиғалар жатыр. Түркілер заманынан бастап қазақ хандығына дейінгі дүниелерді айтпағанның өзінде, күні кеше ғана өткен арыстарымыздың әр бірінің өмір бір-бір киноға таптырмас тағдыр. Мағжан ғұмыры тіптен қасірет. Мағжанның соңғы ғұмыры туралы шындықтың бет-пердесі ашылса ғой шіркін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...