Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Трояның" авторы "Мың балаға" керемет картина деп баға берді

"Трояның" авторы "Мың балаға" керемет картина деп баға берді

Алматыға "Еуразия" кинофестивалінің құрметті қонағы ретінде келген неміс режиссері  Вольфганг Петерсен қазақстандық "Жаужүрек мың бала" фильміне "әлемдік прокатқа шығаруға әбден лайық, керемет картина" деп баға берді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Мен бұл фильмді өте сәтті картина деп есептеймін. Қазақстандықтар бұл туындымен мақтануы керек. Қателеспесем Германия фильмді әлемдік прокатқа шығару құқығын сатып алып қойды. Картина шынымен-ақ әлемдік прокатқа әбден лайық", - деді "Трояның" авторы Алматыда өткен баспасөз-конференциясында.

Петерсон, сонымен қатар, бұдан басқа да бірнеше қазақстандық фильмді тамашалап үлгергенін айтты. Өзінің болашақтағы картиналарына қазақстандық актерлардың бірін шақыруы да мүмкін.

"Қазақстандық боксшының айқасын тамашалаған кезде бұл ел туралы көп нәрсе біліп қалдым", - деді Петерсен. - Мен сонда бұл боксшының бүкіл Қазақстанның қуаты екендігін ұқтым. Бұл сіздерге деген құрмет сезімін тудырды".

Режиссер "экономикалық дамыған Қазақстанның басқа дамыған елдер секілді киноиндустриядағы потенциалының да жоғары екендігін айтты".

Петерсон әлемге таралған "Троя", "Посейдон", "Қайық", "Екпінді дауыл", "Аңшының мекені" секілді фильмдердің авторы. Режиссер қазіргі кезде "Әруақтар бригадасы" фильмінің түсіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

Массагеттіктерге бұған дейін VIII "Еуразия" кинофестивалінде қазылар алқасының төрағасы қызметін Вольфганг Петерсен атқаратындығын айтқан болатынбыз.

VIII "Еуразия" кинофестивалі үстіміздегі жылдағы қыркүйек айының 17-22 аралығында өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kloop.kz

630 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 17 қыркүйек 2012, 15:35
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2012, 16:28

уау

+0
17 қыркүйек 2012, 16:56

Қай боксерді айтқан екен?

+0
17 қыркүйек 2012, 18:00

ой да ладн.., Мың баланың авторы Трояны "болады, нәрмәлні" деген бағасы жариялансын)))

+0
17 қыркүйек 2012, 18:42

Трояны кеше бірінші рет көрдім, керемееееееееет кино екен ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...