«Тараз» фильмі қалай түсірілді?

«Тараз» фильмі қалай түсірілді?
Фото: brod.kz

Көпшілік асыға күткен «Тараз» фильмі 6 қазан күні прокатқа шығады. Бүгін режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаев «facebook» желісіндегі парақшасында фильмнің қалай түсірілгенін баяндайтын шағын бейнеролик жариялады.

Қылмыстық драманың түсірілімдері Тараз қаласында өткен. Картина қаланың қылмыс көп орын алатын ауданында өмір сүретін жас жігіт жайлы. Ол өзінің құрдастары сияқты басынан түрлі қиыншылықтарды өткереді. Фильмде Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлнәз Жоланова, Асан Мәжіт, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева сынды танымал актер мен актрисалар ойнайды.

Режиссердің айтуынша, бұл фильмнің түсірілімдеріне бұрынғы жобалармен салыстырғанда әлдеқайда көп уақыт кеткен. 

- Картинаның бюджеті де қымбатқа түсті. Бірақ бұл соған тұрарлық болғанына сенімдімін. Үш комедиядан кейін басқа жанрдағы фильмді қатты түсіргім келді. Бұл керемет тәжірибе. Режиссер ретінде мен әлі де көп нәрсені үйрену қажет екенін, әлі де ұмтылатын нәрселердің бар екеніне көзім жетті, - дейді Нұртас Адамбаев.

Ө. Сансызбай