"007:Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрерменге жол тартты

"007:Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы көрерменге жол тартты
Фото: rudaki.ru

Бүгін, желтоқсанның 10-ы күні Болашақ қауымдастығы көрермендерін тағы бір мәрте қуантты. Бұл жолы оқушылар мен студенттерге арнап "Агент007: Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі жабық көрсетілімін өткізді. 

Джеймс Бондтың жанкүйерлері сүйікті кейіпкерімен 24-фильмінде қайта қауышты. Бұл фильмде басты кейіпкер Бондианың рөлін Дэниел Крэйг сомдайтын болады. Ол осыған дейін "Денесінде айдаһар бейнеленген қыз" (түпнұсқасы: "Тhe Girl with the Dragon Tattoo", орысшасы: "Девушка с татуировкой дракона") фильмінде ойнаған болатын.

Британдық тыңшы Бондиана бұл жолы «Спектр» деп аталатын құпия ұйыммен күреседі. Фильмдегі қыздың рөлін Леа Сейду ойнайды. Ал қатыгез кейіпкердің рөлін аустриялық Кристоф Вальц сомдайды.

Фильмнің түсірілімі Римде, Лондонда, Мароккода, Аустрияда және Мехикода өткен. Кино бір жылдың ішінде түсірілген. 

Қ. Бүйенбай