Диснейдің XX ғасыр басында жоғалған мультфильмі табылды

Диснейдің XX ғасыр басында жоғалған мультфильмі табылды
Фото: 24

Әйгілі режиссер Уолт Диснейдің 87 жыл бұрын жоғалып кеткен мультфильмі табылды.

Басты кейіпкері - көжек Освальдті Диснейдің өзі салған мультфильм Британияның кино институты мұрағатының сөресінде шаң басып жатыпты. «Сани с колокольчиками» (Қоңыраулы шана) мультфильмі 1928 жылы ұзақтығы 6 минут етіп түсірілген. Оның бас кейіпкері көжек Освальд - Микки Маустан да бұрын пайда болған Диснейдің ең алғашқы персонажы.  Осыған дейін балаларға арналған бұл лентаның барлық көшірмесі жоғалған болып саналды. Мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, қалыпқа келтірілген мультфильм желтоқсанның ортасында экранға шығарылады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы