Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Абай" деректі драмасы - қазақ киносындағы үлкен жаңалық

"Абай" деректі драмасы - қазақ киносындағы үлкен жаңалық

Абай – біртұтас алып әлем. Ол жайлы талай жыр жазылды, талай қойылым сахналанды. Қалың қауым оны енді тағы тани түседі. «Қазығұрт» киностудиясы «Қазақстан» телерадио корпорациясының тапсырысымен түсірген «Абай» деректі драмасын зиялы қауым назарына ұсынып, тұсауын кесті. Ұлы данышпанның өнегеге толы дара жолы мен жауһар қазынасының қыр-сыры мен беймәлім тұстарын бейнелейтін драма Абайды қайта танып-білуге мүмкіндік береді.

Алып тұлғаның ғұмырын бейнелейтін деректі драма Семей, Астана мен Алматы қалаларында түсірілді. Бес сериядан тұратын туындыны жарыққа шығару үшін сегіз ай уақыт кеткен. Деректі драмада данышпан Ибраһимнің дүниеге келгеннен бастап, ақтық сапарға аттанған күндеріне дейінгі үлгілі ғұмыры, шығармашылығы, ой-танымы, болмыс-бітімі бейнеленеді. Әрине, хакім Абайдың бар ғұмырын бес серияға сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан да түсіру тобы қазіргі қазақ қоғамына керек болатын, ой тастайтын тұстарын ғана ықшамдап алған. Фильмнің түсіру тобы халық жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына ғана емес, еліміздің әр аумағында тұратын Абайтанушы ғалымдардың ешқайда жарияланбаған тың деректері мен еңбектеріне сүйенді.

«Қазақстан» ұлттық арнасы тапсырыс беруші ретінде елімізде алғашқы деректі драманы түсіруді белгілі актер, бертінде көпшілік назарына «Ханталапай», «Несиеге махаббат» фильмдерін ұсынған режиссер Сәбит Әбдіхалықовқа тапсырыпты. Ал сценарийін белгілі өнертанушы Ерлан Төлеутай жазды. Фильмнің тұсау кесер кешінде Ерлан Төлеутай келешекте драманың 30 сериялы нұсқасын түсіру ойда бар дүние екендігін өз сөзінде айтып қалды.

Кемеңгер тұлғаның сом бейнесін белгілі актер Жалғас Толғанбай бейнелейді. Ал ғашығынан айырылып, әке сөзін аяқ асты қылмаған бозбала шағын Айбек Молдабеков шынайы көрсете білді. Абайдың әкесі Құнанбай рөлін Бауыржан Қаптағаев ойнаса, анасы Зеренің бейнесін Майра Смағұлова сомдады. Драмада Абай жайлы Тұрсын Жұртбай, Мұрат Әуезов, Таласбек Әсемқұлов, Ди­хан Қамзабекұлы сияқты абайтанушы ғалымдар ой өрбітеді. Ал фильмде шырқалатын хакім Абайдың «Сегіз аяқ» әнін түп нұсқада әнші Алтынай Жорабаева орындады.

Аға буын өкілдерінің айтуы бойынша, «Абай» деректі драмасы қазақ киносындағы үлкен жаңалық. Фильм Абайды тереңірек тани түсуге, оның тағылымының тұңғиығымен бойлауға жол ашады. Әлі күнге дейін Абайды танып келе жатқан қалың қазақ үшін фильм оны жақынырақ біліп-түсінуге ықпал етеді. Фильмде тұрмыс-салт қана емес, әлеуметтік-саяси мәселелер орын алады. Данышпанның жалғызсырап, халқына өз нақылын ұғындыра алмай, қиналатын тұстары бейнеленеді.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: tengrinews.kz, alashainasy.kz

2213 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 14 маусым 2012, 08:48
Пікірлер
+0
14 маусым 2012, 11:57

қыз сұлу екен. керемет сұлу....................... Абайдың образындағы актерден қызғанып отырмын. Абайдың образы да жақсы шыққан екен.

+0
14 маусым 2012, 15:14

Бірнеше ай бұрын естіп едім, түсіріліп біткендігін, премьерасы енді болған ба сонда?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...