Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Гауһартас" - қазақ киносының алтын тірегі

"Гауһартас" - қазақ киносының алтын тірегі

Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Бүкілодақтық тұсау кесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті.

«Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі бойынша түсірілген фильм бірден көрермендердің жүрегін жаулап алды. Тамаша туынды қазақ жерінде ғана емес, өзге мемлекеттердің экрандарынан көрсетілді.

Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. «Келіні жақсы үйдің керегесі - алтын» дегендей, Салтанат келін болғалы бері, бұл шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгілді. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады.


Режиссер Шәріп Бейсембаевтың «Гауһартас» киносында Кәукен Кенжетаев, Әмина Өмірзақова, Әнуар Боранбаев, Кененбай Қожабеков т.с.с. қазақ өнерінің хас шеберлері бой көрсетеді. Сондай-ақ, Досхан Жолжақсынов, Жанна Қуанышева, Сапарғали Жәкішев сияқты сол кездегі жас актерлер түсті.

«Гауһартас» және «Салтанаттың әні» атты әндерді әнші Сажида Ахметова орындаған. Әнші есімі фильм титрлерінде жазылмаса да, оның кербез дауысы көрермен қауымның құлағынан кетпей, әсерлі кино туындыны әрлендіріп жіберді.

Басты кейіпкер Салтанат келіннің бейнесін сомдаған Жанна Қуанышева нағыз қазақ келінінің бейнесін көрсете білді. Жаны сұлулық пен нәзіктік атаулысына құштар көнбіс мінезділігінің арқасында ол талай көрерменнің жүрегіне жол тартты. Ал оның жары Тастан рөлін сомдаған Әнуар Боранбаев салқын мінезді нағыз ер-азаматтың бейнесін көрсете алды.

Шәріп Бейсембаев Салтанат келіннің бейнесін сомдайтын актриса іздеу мақсатында үлкен кинобайқау ұйымдастырады. Іріктеуге бағын сынау мақсатымен оныншы сынып оқушысы Жанна Қуанышева келеді. Сол шақта жас актриса Болат Мансұровтың «Махаббат туралы өсиет» фильміне түсіп үлгерген. Кинобайқаудан өткен ол бірден басты рөлге бекітіледі. Алайда, Жанна Қуанышева басты бұл рөлге келіспеген. Себебі, мектеп бітіру сынақтарын тапсырып, жоғары оқу орнына түсу емтиханына дайындалу керек болатын. Бірақ, балғын қызға фильм режиссерлерінің ассистенттері қайта-қайта хабарласып, өтініш айтады. Өтінішті табан астына қалдырмаған Жанна Қуанышева қазақ келінінің бейнсін тамаша сомдап береді.


Сондай-ақ, режиссер басты кейіпкер Тастан бейнесін алып шығатын нар тұлғалы, өрелі мінезді актерді ұзақ іздеп, біраз қиналады. Іріктеуге келген актерлердің ешбірі режиссер көңілінен шықпаған. Күндердің күнінде түсіру алаңына Әнуар Боранбаев келеді. Осы кезде іздегенін тапқандай болған Шәріп Бейсембаев бірден Әнуар Боранбаевқа киноға түсу туралы ұсынысын айтып, басты рөлге бекітеді.


Салтанаттың «Ерке бала» деп еркелететін қайын інісі Қайыркеннің бейнесін сомдаған актер Сапарғали Жәкішев «Гауһартас» киносынан кейін бірнеше кинолардан бой көрсеткенімен, кино әлемінде ұзаққа тұрақтанбаған.

Өкінішке орай, бұл күнде фильм режиссері Шәріп Бейсембаев, Кәукен Кенжетаев, Кененбай Қожабеков, Әмина Өмірзақова, Әнуар Боранбаев сынды қазақ киносының майталмандары дүниеден озды. Қайыркен рөлін ойнаған актер Сапарғали Жәкішев туралы толық ақпарат табу оңайға соқпайды. Себебі, актер туралы ешбір деректер жоқ. Нағыз жұлдызы жарқыраған шағында ол қызметін басқа салаға ауыстырған. Ал Жанна Қуанышева, Досхан Жолжақсынов сынды хас шеберлердің ізін жалғастырушы актерлер бұл күнде кино және театр әлемінде үздіксіз еңбек етуде.

«Гауһартас» киносы қазіргі таңда қайта жаңғырды. Киносүйер қауым тамаша туындыны телеарналардан ғана емес, енді DVD және бейнетаспа арқылы көре алады.

Суреттер: kazakhfilmstudios.kz, gervic.ru

19099 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 наурыз 2012, 10:00
Пікірлер
+0
21 наурыз 2012, 01:24

Қанша көрсең де жалықтырмайтын фильм.

+0
21 наурыз 2012, 01:55

Ажарың қандааай ашық еді...... нанананееееееей :lol:

+0
02 сәуір 2012, 12:04

Өте жақсы кино. Жақында көшіріп алып қайта көріп жатырмын. Осы шығарманың өзі тамаша еді.

+0
04 сәуір 2012, 10:23

ролде ойнаган Салтанат га бала кезимде гашык едим ай балалык шак ай кайран сол кездер казыр еске алып отырмын осы киноны жыл сайын корем :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...