Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Журналистердің 5 түрі бар: сақ болыңыз!

Журналистердің 5 түрі бар: сақ болыңыз!

Журналистердің 5 түрі бар: сақ болыңыз!

«Журналистика – тарих» деп, сатирик Үмбетбай Уайдин айтпақшы, бұл сала шынымен өз алдына үлкен тарих. Бірақ оның тарихынан бұрын сол тарихты қалыптастыратын тілшілері бар. Ал ол тілшілердің де өзара іштей мықтылары мен әлсіздері, қасқырлары мен момындары бар. Сондықтан сақтаныңыз, олардың қаруы – сөз және тіл.

Бастаушы репортер

Бұл жұмыс барысындағы өтпелі кезең емес, өмірдің бір бөлшегі. Иә, бұл осы саланың мамандары үшін өмірдің бір маңызды бөлшегі. Жалпы журналистер қауымының көбі сұқбаттасуға құмар. Бұл құмарлық осы бағы үшін заңдылық. Ең алғаш бастаушы репортерлер сіздің сөзіңізге сеніп, жан дүниеңізге үңіле отырып, сіздің айтқан сөздеріңіздің шындығынан сәл ғана дәйек алып үлкен мақала жазады. Тіпті сізбен қанша жылдары бойы дос болып келе жатқан адам секілді сөйлесіп, не айттыңыз, не көрдіңіз бәрін жазады.

Баспасөз бандылары

Бұл өзі ісінің білікті мамандары. Тіпті өздерінің жұмысын өміріне айналдырып алған. Олармен қалжыңдасудың, тіпті жалғыз қалып сөйлесудің қажеті жоқ. Олармен сөйлескен кезде абайлап сөйлесіңіз. Сұрақты алдын-ала сұратып алыңыз. Ең дұрысы сұрақты алдырып сұқбатты жазбаша түрде ойланып, мың толғанып жазыңыз. Олардың мақаласы сізді гүл немесе күл қылып жіберуі мүмкін. Ең қызығы баспасөз бандылары қаласа шуды да жасайды, қаламаса өзі көтерген шуға суды да дер кезінде сеуіп үлгереді.

Ақымақ журналист

«Сұрақ жөнсіз болуы мүмкін, бірақ қазіргі оқырманның қалауы осы ғой». Бұл сұрақты дұрыстап қарасаңыз, қазіргі оқырман ондай емес, сізге келіп сұқбат алып отырған журналистің өзі сондай. Себебі ол сізге қандай мәселемен келгенін де білмейді. Егер сіз осындай ақымақ тілшіге тап болсаңыз, оған сырыңызды ақтарып, жұмыс бабыңызды айтып шашылмаңыз. Тіпті сіздің айтқан әрбір сөзіңізді оның түсініп отырғанына алдымен көз жеткізіңіз. Себебі олар ортамызда бар. Өз жұмысына селқос қарайтындар, сіздің айтқан дүниеңізді дұрыс жеткізе алмай, БАҚ бетінде жариялап жіберсе тілшіден бұрын сіз жапа шегесіз.

Лауазымды тұлға

Журналистердің арасында да интелекттері бар. Олар бірақ бастаушы репортер секілді жанын беріп жұмыс жасамайды. Олар тек берілген мақаланы жазып, санын толтырып кетсе болды. Ол жұмыс уақытының 9-да басталып 6-да бітетінін жаттап алған, тек қана есеппен жүретін лауазымды журналист. Олармен көп сөйлесудің де қажеті шамалы. Тек сандар мен текстерді берсеңіз болды. Сіз қалағандай жұмыс газет беттерінде ертең-ақ жарық көретін болады. Ең қызығы оларға сіздің не айтқаныңыз, не жаздыртқаныңыз қызық емес. Бастысы көлем орындалса болды.

Блогерлер

Бұл журналистер қауымының ішінен шыққан, кейде олардың өздерінен асып түсетін, тек белгілі бір салаға тәуелді емес, қай жерде болмасын аңдып жүретін, жазып жүретін, тыңдап, тисіп жүретін бір түрі. Блогерлердің ең жаманы олар сізден естіген екі-ақ жол сөзден ақырзаман тудырып, өзінің ішкі ойын араластырып, халықты үгітке шақыра отырып сіздің айтпаған дүниеңізді айтқызып жіберуі де бек мүмкін.

Жоғарыда аталған журналситердің бес түрінен сақ жүргеніңіз абзал. Әрине олар «төртінші билік» иелері ретінде қоғамда маңызды рөл ойнайды. Бірақ сақтық жасау деген сөздің екінші жағынан қарауға да болады. яғни жақсы жағынан. Себебі білікті тілшінің тілі де, ісі де тиянақты әрі қабілетті болса, жақсы жарнама, жақсы мақала, жақсы абырой әкеледі.

778 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: resumewritinglab.com
Қосылған күні: 21 сәуір, 12:42
Пікірлер
+0
21 сәуір, 13:57

Блогерлер)) иə, қызық.

+0
21 сәуір, 16:24

Блогер дегені қала

+0
21 сәуір, 16:24

қалай кетті )

+0
21 сәуір, 16:35

Мен өзімді қайсысына жатқызатынымды да білмеймін... дұрыс емес секілді...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...