Қазақстан Президенті қазіргі заманның әжелері туралы әзілдеді

Қазақстан Президенті қазіргі заманның әжелері туралы әзілдеді
Фото: uralskweek.kz

Астанада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Республикалық жастары форумында Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты әзілдеді.

"Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді", - деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр", - деді Назарбаев. 

Президент бүгінгі жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

"Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есіме ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі түсіп отыр. Ол: "10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс", - дейді. Жақсы сөз", - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Дерек көзі: kaz.tengrinews.kz

B. ZHAQSYMBET