Батырхан Шүкенов Луи Армстронгты сомдады

Батырхан Шүкенов Луи Армстронгты сомдады
Ресей сахнасының сәнін келтіріп жүрген Батырхан Шүкенов «Один в один» шоу бағдарламасында джаз королі Луи Армстронгтың кейіпін сомдады.

Батырхан: -Ең бастысы Луи Армстронгты сомдағанда, үнемі тісіңді көрсетіп, күліп жүруің керек-дейді.

Юрий Стоянов: - Бұл адамды ұнатпау мүмкін емес. Мен өз сөзімді ең алдымен қазақ халқының гениі – Батырханды Луи Армстронгке айналдырған гримерлерге алғыс айтудан бастағым келеді. Одан кейін барлық негізгі мәселелер артта қалды десе болады. Біздің эстрадада нәзіктікті, әсерлілікті, интеллигенттілікті, биязылықты бір-бірімен өзара үйлестіре білетін бір ғана жан бар. Маған сеніңіздер Батыр бұл шоудың үлкен жаңалығы болады.

Сурет: www.youtube.com
Н. Нұрмаханұлы