Әлем полицейлерінің қызықтары

Әлем полицейлерінің қызықтары

1. АҚШ-та полицей болу мақтаныш. Жұмысқа жаңа тұрған адамның жылдық айлығы – 40 мың доллар екен. Уақыт өте оның айлығы көбейе бермек. 1,5 жүктемесімен жұмыс жасайтындардың өзі қосымша жұмыс үшін ақша ала алады.

2. Германияда бір полицей маскүнем үкіні ұстап алыпты. Тәртіп сақтаушылардың айтуы бойынша, үкі ес-түсін білмей жол жиегінде ұйықтап жатқан екен. Оның маңында арақтың екі шөлмегі болыпты.

3. Австаралияның Квинсленд деп аталатын қаласында «желісіз (сымсыз) полиция» қызмет атқарады. Олар көбіне интернет қолданушыларының интернет сымын күзетіп, олардың үзіліп қалмауын қадағалайды екен.

4. «Полиция» сөзі латын тілінен алынған. Бірақ польшалықтар мен немістердің policja, polizei деп айтып жүргендері латын тілінен емес.

5. 19 ғасырдың соңынжа Англияда полицияны ең күшті мекеме етіп қайта құрды. Кейін оның құрметіне бұл елде полициялықтарды Bobby деп атап кеткен. Ал Роберттың қысқаша түрі Bobby болып отыр.

6. Ең қатал полиция ретінде бразилиялық қызыл жағалларды айтуға болады. Бұл елдегі наркоманиямен күрес жүргізудің әдісі өте қатал. Бұл елде күдіктіні ескертусіз-ақ ата алатындар да тек осы полициялықтар.

7. Жалпы «АҚШ полициясы» деген тіркес жоқ. Мұнда полиция штаттардың атынан қызмет атқарады. Олар бір-бірінен тәуелсіз қызмет көрсетеді. Олардың киімдері де, құрамы да өзгеше болуы мүмкін.

8. АҚШ-қа барсаңыз полицейлерге ақша беруден аулақ болыңыз. Бұл елдегі полиция жемқорлықтан 99 пайыз таза болып саналады.

9. Непал мен Үндістанда қол ұстасып жүрген полицейлерді көруге болады. Қате ойлауыңыз мүмкін, бұл тек достықтың нышаны болып есептеледі.

10. 1993 жылы Германия, Австрия және Франция аумақтарында «бірізді» 40 қылмыс болыпты. Оқиға болған барлық жерден бір әйелдің ДНҚ қан тобы бар заттар табыла берген. Сөйтсе, 16 жылдан кейін ғана, яғни 2009 жылы табылған заттарда қан тексеру мақтасын жасайтын әйелдің қол іздері екені анықталған. Бұдан кейін істі жабу туралы шешім шығарылыпты.

11. Статистикаға сенсек, американдық полицей қаруды 27 жылда бір рет қана қолданады екен. Ал фильмдерде олар күніне 10 рет оқ ататын көрінеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lada.kz

А. Құлтай