Пілді тоңазытқышқа қалай салу керек?

Пілді тоңазытқышқа қалай салу керек?

Әлемдік деңгейдегі жұмыс беруші агенттіктердің жұмыс сұраушыларға арналған 4 негізгі сұрағы бар екен. Кандидаттардың ақылдылығын тексеру барысында мынадай сұрақтар қолданылады:

Бірінші сұрақ: Керікті тоңазытқышқа қалай салу керек?

Дұрыс жауап: Тоңазытқышты ашу, керікті салу, тоңазытқышты жабу.

Бұл сұрақ адамның мәселені қаншалықты қиын немесе оңай шеше алатынын байқау үшін қойылады.

Екінші сұрақ: Тоңазытқышқа пілді қалай салу керек?

Бұрыс жауап: Тоңазытқышты ашу, пілді салу, тоңазытқышты жабу.

Дұрыс жауап: Тоңазытқышты ашу, керікті шығару, пілді салу, тоңазытқышты жабу.

Бұл сұрақ шешім қабылдарда алдыңғы істі қаншалықты бақылауға алуды тексереді.

Үшінші сұрақ: Арыстан барлық аң-құсты жинап алды. Бір ғана аң келмей қалды. Бұл қай аң?

Дұрыс жауап: Бұл піл. Ол тоңазытқышта ғой, есіңізде ме?

Бұл сұрақ сіздің еске сақтау қабілетіңіз бен байқағыштығыңызды тексереді.

Төртінші сұрақ: Сіз қолтырауындарға толы өзеннен қалай өтесіз?

Дұрыс жауап: Жүзіп өту керек. Себебі қолтырауынның барлығы да арыстанның жиналысына кетті ғой...

Бұл сұрақ өз қатеңізден ой түйе алу-алмауыңызды анықтап береді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: userapi.com

А. Құлтай