Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Ақ қоянның қызықтары

Ақ қоянның қызықтары

 Ақ қоянның қызықтары

"Ақ қоянның қызықтары" анекдот емес, ел арасында жүрген қызықты әңгімелер. Ой жүгіртсеңіз астарлы, терең, мағыналы дүниелер. 

Қоян бірде дүкенге кіріпті:

- Мырза, сәбіз бар ма?

- Жоқ.

Екінші күні тағы сол дүкенге кіріпті:

- Мырза, сәбіз бар ма?

- Кеше саған жоқ дедім ғой, - депті дүкенші. Үшінші күні тағы сәбіз сұрап келіпті:

- Жоқ деп қанша рет айтамын саған! Енді сәбіз іздеп келетін болсаң, қайшымен құлағыңды кесіп аламын, - деп ашуланыпты қожайын.

Төртінші күні дүкенге келіп:

- Мырза, қайшы бар ма?

- Жоқ.

- Онда сәбіз бар ма?

Ашуланған дүкенші, балғамен қоянның басынан періп қалыпты. Бесінші күні қоян тағы келіп тұр дейді.

- Мырза, сәбіз шырыны бар ма?

Керік қоянға мақтаныпты:

- Ей, бейшара қоян, мойны ұзын болудың қаншама пайдасы бар екенін білесің бе? Мен әрбір жеген тәтті тағамдарымды кеңірдегімнен өткізіп болғанға дейін, біраз уақыт кетеді. Сондықтан да оның тәтті дәмінен қанғанша ләззаттана аламын.

Қоян үнсіз отыра беріпті. Керік тағы да мақтанып:

- Бұлақ суының кеңірдегіңнен бірте-бірте өткендегі ләзәтті сен сезіне алмайсың ғой.

Сонда қоян басын көтеріп, қулана сұрапты:

- Сен құсып көрдің бе?

* * *

Қоян әлгі дүкенге тағы барыпты.

- Мырза, жүз нан бар ма?

- Жоқ.

Екінші күні тағы келіпті.

- Мырза, жүз нан бар ма?

- Жоқ, - деп ашуланыпты дүкенші. Бірақ, ақ қоянның мінезін білетін дүкенші ертесіне үлгертіп, жүз нан пісіріп қойыпты. Айтқандай-ақ, үшінші күні қоян тағы келіпті:

- Мырза, жүз нан бар ма?

- Бар.

Сонда қоян:

- Охо, маған біреу беріңізші, - деген екен мәз болып.

 

Қоян үңгір алдында қолына қалам алып, бірдеңелерді жазып отырыпты. Аздан соң түлкі келіп:

- Ау, қоян, не жазып отырсың? - депті.

- Қоянның түлкіні өлтіруі жайлы ғылыми мақала.

- Тууу, мақтаншақ екенсің ғой.

- Сенбейсің бе? Онда маған ілес.

Қоян үңгірге түлкіні ертіп кіріпті де, аздан соң өзі жалғыз қайтып шығып, әлде бірдеңелерді жазып отыра беріпті.

Мұны алыстан бақылап отырған жолбарыс әлгі маңнан тайып тұрыпты.

Үңгір ішінде бір қасқыр түлкі сүйегін кеміріп отырып, «Қазіргі заманда біреудің таланты мен парасатын сынау үшін, оның күшіне ғана қарау надандық! Оның артқы тірегіне қарау керек» деп отыр дейді. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:wallcoo.net, hannahaha.deviantart.com, 

9566 5
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 09 қаңтар 2013, 18:56
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2013, 20:02

жүз нан туралысы мықты шыққан :D

+0
09 қаңтар 2013, 21:45

:lol: :lol: :lol:

+0
10 қаңтар 2013, 12:01

:lol: Соңғысы ойландырды

+0
10 қаңтар 2013, 22:47

:lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...