Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Қожанасырдың әртүрлі топ өкілдерімен байланысы

Қожанасырдың әртүрлі топ өкілдерімен байланысы

Қожанасырдың әртүрлі топ өкілдерімен байланысы

                                                       Қожанасыр мен ұры

 Қожанасыр бір айлы түнде есегіне мініп, ауылына бара жатыр еді, алдынан кездесе кеткен ұрыларға көзі түсіп, қашып құтылудың амалын таба алмаған соң, есегінің бауырына жата қалады.

  – Кімсің, жөніңді айт? – деді ұрылар  Қожанасырдың жанына келген соң.

  – Есектің қодығымын,– дейді Қожанасыр үрейлене қорқып.

  Ұрылар есекке таяу келіп, үңіле қарап тұрады да:

  – Бұл есек еркек қой! – дейді.

  Сонда Қожанасыр:

  – Шешем тойға кетіп, әкеммен бірге еріп келемін,– депті.

                                               Қожанасырдың  кедейді  жақтауы

 Ертеде бір кедей жол жүріп келе жатып, бір байдың үйіне кіріп келеді. Сол кезде бай үйінде тамақ жеп отыр екен.

   Кедей:

   – Жол жүріп қарным ашып келеді. Жеп отырған тамағыңыздан ауыз тигізіңіз, байеке! – дейді.

   Бай:

   – Менің саған арнаулы тамағым жоқ,– деп жеп отырған тамағынан кедейге бермей, асыға-үсіге жеп қойыпты. Жеп отырғанда тамағымның үстіне келіп, жемесең  де иісін иіскеп қалдың ғой,– депті.

   Сонда кедей Қожанасырға бай мен екеуінің арасындағы оқиғаны айтып беріпті. Қожанасыр да бай мен кедей арасындағы болған  әңгімеге тез түсіне қалып байға:

   – Байеке, менде көп ақша бар. Саған ақша керек болатын болса, мен саған қалтамдағы ақшамнан керек десеңіз, барлығын қарызға берейін,– депті. Сонда бай:

   – Қане көрсетші ақшаңды,– депті.

 Қалтасындағы ақшасын суырып алып, байға көрсеткен екен, сонда бай:

   – Осы ақшаңды қанша болса да, қарызға бер.Ақшаға өте зәру едім,– деп Қожанасырдың етегінен ұстап жібермей жабысады.

  Қожанасыр:

  – Ойбай-ау, саған бұл ақшамды бере алмаймын, өзімнің қаражатыма керек, – деп ақшасын тезден қалтасына сала салып тұрып:

   – Ақшамның өзін алмасаң да, түсін көріп қалдың ғой,– деп Қожанасыр кедейді жақтаған екен.

                                                      Қожанасыр мен хан

 Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып, ханның алдына жүгініп бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожанасыр хан алдына барғанда қойнына үлкен тасты салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кіріскенде, Қожанасыр қақырынып қояды. Хан бұрылып Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожанасыр ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі. Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем»,– деп тұр екен деген ойға келеді. Сондықтан хан сөзін салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды.

Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Бай кеткен соң хан күлімдеп, Қожанасырды жанына шақырып алып:

   – Ал, Қожеке, маған ризасың ғой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды  бер! – дейді.

   – Тақсыр, Сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді,– деп Қожа қойнындағы тасты алдына тастай береді.

   – Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойныңды көрсеттің, ол не дегенің еді?

   – Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, болмаса мына таспен ұрып жығам дегенім еді!» – депті Қожанасыр.

                                                      Қожанасыр мен шаштараз

 Қожанасыр шаштаразға шаш-сақалын алдыруға барады. Шаштараздың ұстарасы өтпей, бас терісінің құйқаларын қырқып, кесіп алған жеріне ақ мақтаны жалбыратып, жабыстырып қоя беріпті. Қожанасыр насыбай шақшасыныың айнасына қарап тұрып шаштаразға:

  – Сізге рахмет, басымның тең жартысына мақта егіпсің, енді қалғанына туғандарым тары егіп жесін,– деп орнынан тұрып кетіпті.

                                                     Қожанасыр мен мырза

 Қожанасыр жарлы болған адам екен. Бір күні жаяу кіре тасып, кәсіп қылып, тамақ асырамақ болады. Базарға жаяу келіп, кірешілердің қасында тұрса, бір мырза келіп дүкеннен жаңа сатып алынған бір сандық кесе, шыны аяқ, тас-табақ сияқты ас ішетін ыдыстарды үйіне жеткізіп беруді сұрайды.

  Қожанасыр:

   – Үйіңізге алып бару ақысына не бересіз? – дейді.

   – Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз бек мағыналы, қасиетті сөз үйретемін,– дейді мырза.

«Ақша басқалардан да табылады ғой! Мұның бек қасиетті сөзін естіп қалайын» деген оймен  Қожанасыр «жарайды» дейді. Қожа ауыр сандықты көтеріп, иесіне еріп келе жатып біраз жер жүрген соң:

   – «Қане, мырза, қасиетті мағыналы сөзіңізді айтсаңыз екен», – дейді Қожанасыр. Жолаушы айтады:

   – Жақсы, айтайын. Бірінші сөз мынау – егер біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!

   – Жарайды, бұл бек мағыналы сөз екен, – дейді Қожанасыр.  

    – Енді екінші сөз мынау – жаяу жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың, – дейді мырза.

    – Бұл да зор мағыналы сөз екен, – дейді Қожанасыр.

    Үйдің жанына келіп, қақпаға кірердің алдында тұрып:

    – Мырза, енді үшінші сөзді айтсаң екен, – дейді Қожанасыр.

    Мырзаның үшінші сөзі:

    – Егер жаяу кірешінің сенен ақылсызы бар деуші болса, оған да нанбағайсың! – дейді.

   Сонда Қожанасыр төбесіндегі сандықты жерге тастап жіберіп:

    – Егер біреу бұл сандықтың ішінде сынбай қалған нәрсе бар десе, сен де еш уақытта нанбағайсың! – деп қайтып жүре берген екен.

8184 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: АЙНАРА Байжан
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2011, 22:25
Пікірлер
Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...