Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Жұмбақ әңгіме

Жұмбақ әңгіме

Жұмбақ әңгіме

Ертеде байлығы жұрттан асқан, алтыны мен күмісінің есеп-қисабы жоқ бір бай өмір сүрген екен. Сол өңірдегі ұрылардың бәрі әлгі байдың үйіне ұрлыққа түседі екен. Түні баласында маза бермеген соң, әлгі бай ел аралап жүріп, қоян-қолтық төбелесте ешкімге дес бермеген, атағы жалпақ елге жайылған бір жігітті түнгі күзетке мол ақымен жұмысқа алыпты. Әлгі жігіттің өнерінің үстем болғаны соншалық, ол күзетте тұр екен деген хабар таралысымен, байдың үйіне ешкім ұрлыққа түсуге батылдық ете алмайтын болыпты. Байдың да көңілі орнығып, алаңсыз өмір сүріпті. Бір күні байекең әлгі жігітті шақырып алып: «Мен ертең алыс сапарға шығамын, үйді жақсы қара, бәрі саған аманат!» депті. Ертесі бай жолға жиналып жатқанда, әлгі жігіт келіп байекеңе: «Мен кеше сұмдық түс көрідм, сіз бұл сапарға шықпай-ақ қойсаңыз қайтеді, сіз мінген кеме опат болып, барлық адам қырылып қалыпты!» дейді жігіт.

Оның қайта-қайта өтінуімен бай бұл сапарын күшінен қалдырыпты. Айтқанындай-ақ, бір күн өтер-өтпестен, өзі отырмақ болған кеме апатқа ұшырап, барлық кісі көз жұмыпты. Сонымен бай бір өлімнен аман қалып, тәубесіне келген екен. Бірақ ертесі байекең әлгі жігітті жұмыстан босатып жіберіпті.

Ойланыңыз, өнері үстем бұл жігіт оның байлығын қорғаумен бірге, оның өмірін де ажалдан сақтап қалды ғой.

Не үшін оны жұмыстан босатты?

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: pic.com

22739 22
Рейтинг: +4

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 24 мамыр 2013, 15:25
Пікірлер
+1
24 мамыр 2013, 15:48

Әлгі кеменің апатын сол жігіттің өзі ұйымдастырып, ол құпияны байекең біліп қалған болар? :roll: ;)

+1
24 мамыр 2013, 16:02

Бұған пәлсапалық ой-идеямен жауап беру керек шығар? Мәселен, тағдырдың жазуы болуы ерек деп, бай әлгі жігітті босатады.

+1
24 мамыр 2013, 16:04

қарамен жазылған дүниеге назар салып қарасақ, шешіліп қалар? :?

+1
24 мамыр 2013, 16:54

Ажалы жетсе бар жиған дүниесінің құны көк тиын екенін ұққан болар байеке. Құнсыз дүниге күзетшінің де қажеті жоқ. Содан бола әлгі жігітті жұмысынан босатқан шығар.

+1
24 мамыр 2013, 17:24

Ооо, Массагеттен жұмбақты оқып қуанып отырмын, ЛОГИКАЛЫҚ ЖҰМБАҚТАРДЫ ШЕШУ, ЖИНАУ - ХОББИім ғой менің ) жиі жасырып тұрыңыздаршы. Ал, мына жұмбақтың шарты сәл шатасқан, ТҮНГІ КҮЗЕТШІЛІККЕ жұмысқа тұрған, КЕШЕ ТҮС КӨРГЕН деп тұр, бұлай айтқанда, ол түсті кеше күндіз көруі де мүмкін еді ) дұрысы, КЕШЕ ТҮНДЕ ТҮС КӨРДІМ деуі керек болатын ) күшті жұмбақ бірақ, іске сәт )

+1
24 мамыр 2013, 18:55

Сіздің түсіндірмеңізден кейін түсінікті болды бәрі, ол түнде өз қызметін тақарудың орнына ұйықтап қалған ғой сонда, яғни жұмысын адал атқармаған

+1
25 мамыр 2013, 15:42

кушті жауап менде осы Сырдың қызына қосыламын

+0
04 қыркүйек 2016, 13:42

Бир бай болыпты . Оған еки адам жумыс істепті сосын олардын ақысын төлерде біреуіне қой екіншісіне қозы берипти сонда ол шагымын айтып ханға келеди. Ханием датым бар дейді датың болса айт дегенде ол екеміз бір байға жұмыс істедік сонда ол неге маган козы беретта оган кой береді дейді сонда хан байды шақырып бір сөз айтты сол кезде бай кешірім сурап қозысын алып қой береді . Ендиги сұрак хан кандай сөз айтты.

+0
04 қыркүйек 2016, 13:42

Бир бай болыпты . Оған еки адам жумыс істепті сосын олардын ақысын төлерде біреуіне қой екіншісіне қозы берипти сонда ол шагымын айтып ханға келеди. Ханием датым бар дейді датың болса айт дегенде ол екеміз бір байға жұмыс істедік сонда ол неге маган козы беретта оган кой береді дейді сонда хан байды шақырып бір сөз айтты сол кезде бай кешірім сурап қозысын алып қой береді . Ендиги сұрак хан кандай сөз айтты.

+0
04 қыркүйек 2016, 13:44

Бир бай болыпты . Оған еки адам жумыс істепті сосын олардын ақысын төлерде біреуіне қой екіншісіне қозы берипти сонда ол шагымын айтып ханға келеди. Ханием датым бар дейді датың болса айт дегенде ол екеміз бір байға жұмыс істедік сонда ол неге маган козы беретта оган кой береді дейді сонда хан байды шақырып бір сөз айтты сол кезде бай кешірім сурап қозысын алып қой береді . Ендиги сұрак хан кандай сөз айтты.

+1
24 мамыр 2013, 18:23

калайсыздар? менинше кузеттеги жигит уиктамауы керек кой. сосын бай жигиттен кудиктенген. барлык байлыкты жиып не истимин деп халкына бергиси келген гой...кузеттеги жигит тусин айтпаганда бай олип байлыгы тек кузетши жигитке калар еди. оданда халкым алсын дегени шгар...

+1
25 мамыр 2013, 00:00

менин оиымша ол баидын кузетшиси ол уиктаганы ушин жумыстан шыкты,

+1
25 мамыр 2013, 00:22

сол оқиғадан кейін бай байлығынан бас тартқандықтан, оған күзетшінің де керегі болмағаны ғой

+0
25 мамыр 2013, 00:25

Сұңқар Ақбоз жауабын жаз

+0
25 мамыр 2013, 02:00

Уйыктамаган, себебі, жана айттыго ол кузетте дегенди естигесин ешким жоламаган деп. Мен Гулназдын айтканына косылам)

+0
25 мамыр 2013, 16:49

ұрылар оның атақ-дақпыртынан қорқып жоламаған ғой, ұйқысыз күзеткенін көргеннен емес

+0
25 мамыр 2013, 11:38

ееееее ұйықтаған екен ғой ол сабаз :lol:

+0
28 мамыр 2013, 15:10

Сырдың қызы тапты. Ол түнде ұйықтап қалған. Негізі ұйықтамауы, жұмыс істеуі керек болған.

+0
02 шілде 2013, 11:43

бай адам таубасына келди,байлықтың адам омирин сактап калмасына кози жетти, байлыктан бас тартып адал омир сургисир келди

+0
04 қаңтар 2014, 22:12

ұрының өзі сол жігіт қой, күзетке келіп ұйықтап жатқан рахаттанып!!! :mrgreen: :geek: :x :D

+1
23 ақпан 2015, 00:50

Бай, жігітке күзетуді тапсырган , ол уйыктап тус корген

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...