Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Абай қара сөздерінің аудионұсқасы шықты

Абай қара сөздерінің аудионұсқасы шықты

Абай қара сөздерінің аудионұсқасы шықты

Қазақстанда Абай Құнанбаев «Қара сөздерінің» орыс тіліндегі аудио нұсқасы шықты. 45 қара сөзді еліміздің танымал актерлері оқыған.

Аудиокітаптан бөлек, "ABAI 45" жобасы 45 қара сөзді аудио нұсқа түрінде тыңдау үшін қолданылатын мобильдік тегін қызметті де ұсынды. Ал бұдан басқа, 11 қаңтардан бастап www.abai45.kz доменімен ашылған арнайы портал іске қосылмақ.

Жоба қатысушылары арасында Әсел Сағатова, Санжар Мәдиев, Әнуар Нұрпейісов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Асылхан Төлепов, Нұртас Адамбаев және тағы басқа актерлер бар. Оқылым Қуат Шілдебаевтың авторлық композициясымен сүйемелденген.

«ЛУЧ» шығармашылық бірлестігі - жобаның негізгі авторлары. Тағы бір айта кететін жәйт, кітаптың ешқандай да қаржылық салымсыз немесе демеушінің көмегінсіз жасалды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жоба мақсаты қаржы табу емес, қазақ әдебиетінің негізін қалаған тұлғаның шығармашылығын жастар ортасында кең насихаттап, еліміздің әдеби мұрасын байыту болып саналады.

Жобаның таныстырылымы 11 қаңтарда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында өтпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bookcity.kz

3091 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 қаңтар 2013, 10:18
Пікірлер
+0
08 қаңтар 2013, 11:03

Күшті, құтты болсын!

+0
08 қаңтар 2013, 11:12

Менде қазақшасы бар. Керек адам хабарлассын

+0
08 қаңтар 2013, 12:14

Дұрыс!

+0
08 қаңтар 2013, 12:28

Әсел Сағатова, Санжар Мәдиев, Әнуар Нұрпейісов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Асылхан Төлепов, Нұртас Адамбаев! Осы жастардан "бірдеңе" шығады!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...