Табылды Досымов әндерінің желісі бойынша "Махаббат аллеясы" қойылымының премьерасы өтеді

Табылды Досымов әндерінің желісі бойынша "Махаббат аллеясы" қойылымының премьерасы өтеді
Фото: vk.com

Барша әнсүйер, өнерсүйер әлеумет! Қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымов әндерінің желісі бойынша "Махаббат аллеясы" мюзикл спектаклінің премьерасы өтеді. 

Қойылым барысында Табылды Досымовтың 14-тен астам әні жанды дауыста орындалады. Әртүрлі тағдырдың бастан кешкен махаббат хикаялары суреттеледі. Кештің қадірлі қонағы болып Т.Досымовтың жанұясы келеді. Көз көрген достары мен әнсүйер ағайынды осы кештен кездестіруге болады.

Спектаклді қоюшы – «Aлматы-Music» театры.

Театр жетекшісі, режиссері – Т.Омаров.

Музыкалық жетекші – А.Айдынұлы. 

Қойылым бастасталмас бұрын дәлізде:

– суретке түсу (фотосессия), 
– тегін кофе-брейк, 
– естеліктер қарау, 
– жайлы орындықтар, 
– әуезді музыка (Табылдының сіз естімеген әндері), 
– еркін гитара ойнау, т.б. тосын сыйларға куə боласыз! 

Өтетін орныҚазақконцерт залы (Алматы қ. Абылай хан, 83. Әйтеке би к-сі қиылысы)

Басталуы: 21.04.17, сағат: 19:00

Ж. Жұмағұлов