«Күз туралы күзсіз сөйлемдер» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Күз туралы күзсіз сөйлемдер» байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: zastavki.com

Қадірлі оқырмандар! Массагет порталы 26 қыркүйектен 26 қазан аралығында қаламды серік еткен жастар үшін «Күз туралы күзсіз сөйлемдер» атты эсселер байқауын жариялаған болатын. Байқау жарияланғаннан бастап бір ай ішінде поштамызға еліміздің түкпір-түкпірінен жіберген толассыз хаттар келіп түсті.

Жеңімпаздарды анықтау барысында эссенің мұзмұн ерекшелігіне, автордың ойына, стильдік жаңашылдықтарына, сөйлем құрылымына мән бердік. Сондай-ақ, ережеде көрсетілгендей шығармада «күз», «сары», «жапырақ» сөздерінің қолданылмауын қадағаладық. Бір үміткерлеріміз ережені түсінсе, кей үміткерлердің түсінбегені байқалды. Алайда айшықты тілмен, әдемі сөзбен, ерекше ойын көркем кестелеген үміткерлеріміздің де қатары көп болды.

Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетейік, жіберілген шығармалардың барлығы дерлік жарияланған жоқ. Байқау ережесіне сай қазылар алқасы үздік деп тапқан шығармаларды ғана жариялауға тырыстық. Қазыларға жеңімпаздарды анықтау оңайға тимеді. Әйтсе де, қазылар тарапынан үздік деп танылған шығармалар болды. 

Сонымен, байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар:

1 орын (біреу) – Анель Алтаева

2 орын (екеу)– Алпамыс Файзолла және Аяулым Шаймарданова

3 орын (үшеу) – Мереке Керімхан, Жандос Әуесханов, Айзат Жолдасова

Ынталандыру сыйлықтары: Ибраһим Сегізбаев, Урах Азиза, Ақтоты Борисқызы

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталады. Бұл туралы қосымша хабарлаймыз. 

Массагет порталы ұйымдастырған байқауға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Бізбен бірге болыңыздар! Тағы да жүлделеріңіз құтты болсын!

Ж. Жұмағұлов